Салыстырмалы әдіс — әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.
Жүйелеу әдісі – саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.
Социологиялық әдіс – саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылымы мен мәдениеті және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл – саяси құбылыстарды заманына қарай бұрынғы, қазіргі және болашақтағы байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді деректерді олардың болған мезгілін еске ала отырып танып – білуді талап етеді.
Бихевиористік әдіс – жеке адамдар мен топтардың іс — әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда өздерін қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс — әрекеттерін талдау арқылы түсініп – білуге болады дейді.
Нормативтік әдіс – қоғамдық игілік қамтамасыз ететін немесе әуел бастан адамға тән табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құбылыстың түрін іздейді.
Диалектикалық – матералистік әдіс – табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен – бірін тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды.
Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты мәселелерді зерттегенде басқа да әдістерді қолданады.
Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді атқарады:
1.Танымдық қызмет – саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып – білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |