1 Шақ категориясының теориялық негіздері



бет10/14
Дата07.01.2022
өлшемі80,95 Kb.
#19472
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Мөлдір -2-тексеріс

Векторлық ұстаным бойынша: 1) амал-әрекеттің сөйлеу сәтінен бұрын болып өткенін; 2) іс-әрекеттің сөйлеу сәтінен көп уақыт бұрын болғандығын; 3) амал-әрекеттің сөйлеу сәтіне жақын аралықта болып өткенін; Модальдық ұстаным бойныша: 1) бірінші жақта жіктеліп қолданылғанда ұмтылып қалған не таныс емес оқиғаны баяндауда; 2) екінші жақта жіктеліп қолданылғанда ұмытылып қалған оқиғаны еске түсіріп баяндауда; 3) үшінші жақта жіктеліп қолданылғанда: сөйлеуші не тыңдаушының қатысынсыз, екінші бір адамдардан естіген амал-әрекетті; 4) сөйлеуші не тыңдаушының амал-әрекетіне қаытспай, бірақ сол амал-әрекеттің нәтижесі арқылы хабарлауын; 5) кездейсоқ, күтпеген амал-әрекетті баяндауда; 6) сөйлеушінің дәлелдеуін қажет етпейтін өткен шақтағы амал-әрекетті баяндауда; 7) сқйлеуші естіген оқиғааны сенімсіз түрде баяндауда; 8! Анық болмаған амал-әрекеттерді баяндауда; 9) анық болып өткен амал-әрекетті баяндауда да т.б.. Аспектілік ұстаным бйоынша: білгілі бір қалып-күйді білдіруде. Осы аталған мағыналық сипаттарына сәйкес ғалымдар «-ыпты, -іпті» тұлғасын шақ жіктемесінде түрліше атап отырған. Олар: Қ.Жұбанов «Айғақ өңді өткен шақ» десе, Н.Сауранбаев «ескі өткен шақ», Т.Қордабаев «айғақсыз өткен шақ», А.Ысқақов «танық өткен шақ», Ы.Маманов «ежелгі өткен шақ» деп әр ғалым өзінше атау берген.

Бұл өткен шақ тұлғасын векторлық ұстаным бйоынша атаған ғалымдар, мәселен, Ы.Маманов, оның модальдық мағыналарын да атап көрсетіп отырған. Нақыталп айтқанда, ұмыт болған амал-әрекетті, сөйлеушінің өзі басы-қасында болмай, бөгде біреулерден естіген амал-әрекетті баяндауда қолданылатыны т.б. модальдық реңктер туралы айтылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет