Мақстатты келер шақ. Сөйлеу сәтінен кейін болатын сөйлеушінің
не қимыл иесінің сол қимылды орындау мақсатын білдіретін шақ мақсатты келер шаө деп аталады. Мақсатты келер шақ түбіріне -мақ, -мек аффиксінің жалғануы арқылы жасалады. «-мақ, -мек» тұлғасының сипатына қарай ғалымдар былай деп атау берген: С.Аманжолов «Міндетті келер шақ», Т.Қордабаев «Сенімді келер шақ», Ы.Маманов «ниет келер шақ», ал қалған зерттеушілер «мақсатты келер шақ» деп атаған.
Келер шақтың бір мағыналық түрі ауыспалы келер шақ формасы –
а, -е, -й жұрнақты көсемшенің жіктеліп келуі арқылы жасалады. Ғалымдар еңбектерінде келер шақтың -а, -е, -й тұлғасы мынадай терминдермен аталған. Т.Қордабаев «сенімді келер шақ» деп атаса, А.Ысқақов « жалпы келер шақ» деген атау ьһберген, а қалған Қ.Жұбанов, С.Амандолов, Ы.Маманов, С.Исаев сиқяты ғалымдар «ауыспалы келер шақ» деп атаған.
Осы шақтың жүйелі-құрылымдық парадигмасы және өткен шақ тұлғаларының тілдік функциялары. Осы шақ өткен шақ пен келер шаққа қарағанда грамматикалық формалары мен мағыналық реңктері айқын, анық болып келеді. Өйткені ақиқат дүниеде заттар мен құбылыстар объективті тұрғыдан қазіргі уақытта ғана нақты бір болады, оның өткендегісі мен келешегі объективті уақтты тұрмайды.
Нақ осы шақ тұлғалары мынадай функционалды мағыналарды білдіреді: 1) сөйлеу сәтіндегі қимыл-әрекетті; 2) нәрсенің не құбылыстың қалып-күйін; 3) бұрын басталған, бірақ қазірге дейін аяқталмаған іс-әрекетті...
Қазақ тілінде қалып етістіктерінің жіктелген түрі (жалаң) мен күрделі түрін (-а, -е, -й және -ып, -іп, -п көсемше тұлғалары + қалып етістіктері) осы шақтың мағыналаық тобы ретінде атауда мынадай теримндердің бар екендігін көруге болады. Қалып етістіктерінің осы шақтық аталымын ғалымдар өздері атау берген: А.Байтұрсынов «нағыз осы шақ», Қ.Жұбанов « дәл осы шақ», Ы.Маманов «созылыңқы сипат» десе, қалған зерттеушілер «нақ осы шақ» деп атаған.
Нақ осы шақты қалып етістіктерінің мағыналық реңктері бойынша әрібірінде атау беріп, ең көп мағыналық топқа жіктеген ғалым – Қ.Жұбанов. Ал Т.Қордабаев сөйлеу сәтіндегі амал-әрекетті білдіретін тұр, отыр етістіктерін – нақ осы шақ деп таныса, жатыр, жүр етістіктерін – жалпы оы шақ деп таныған, ос ышақтың екінші бір мағыналық түрі ретінді бөліп көрсетеді.
Ауыспалы осы шақ етістік түбіріне жалғанған -а, -е, -й көсемше тұлғасының жіктелуі арқылы жасалады, моделі а,е,й + жіктік жалғау: (-ады, -еді), -а, -е, -й тұлғасы мынадай функционалды мағыналарды білдіреді: 1) діл сөйлеу сүтінде болып жатқан амал-әрекетті (көбінесе диалогқа тән). Мысалы: -Қайда барасың, жігітім? – Жолдастарыма барамын. (Ғ.Сланов) 2) бұрынна болып келе жатқан, жалпы осы кезде де болу мүмкіндігі бар амал-әрекетті, мысалы: Талжан отағасы жеті жылдан бері колхоздың жылқысын бағады, әйелі Зейнеп колхоздың төлін күзетеді, келіні Меруерт колхозшылардың балалалрын оқытады.(Ғ.Мұстафин). 3) әдетке айналған амал-әрекетті; Күнұзақ іші пыспайтын; кітап оқиды, сурет салады, көгілдір экранды тамашалайды. («Қазақ әдебиеті»).
Қ.Жұбанов осы шақтың бұл түрін дағдылы осы шақ деп атайды. А.Ысқақов ауыспалы осы шақ болып аталып жүрген -а, -е, -й формасын жалпы осы шаққа жатқызады (күн қызып келеді, ит үреді, совхозда тұрады). Ал бұл форманы Т.Қордабаев ауыспалы осы шақ ретінде таниды.
Ауыспалы осы шақ атауы басқа шақ жіктелімдеріндегідей контекстік ұстаным бойынша уәжделген атау болып табылады.
Сонымен, қазіргі қазақ тіл білімінде етістіктің шақ категориясы біршама зерттелгенімен, әлі де шешуін таппаған мәселелер баршылық. Осы шақ пен келер шақты тануда үлкен алшақтық болмағанымен, өткен шаққа келгенде басы ашылмаған жайттарға тап боламыз. Өткен шақтың ғалымдар еңбектерінде түрлі қырынан қарастырылып, әртүрлі мағыналық топтарға бөлініп, түрліше аталып жүргенін байқаймыз. Мысалы «жедел өткен шақ» деп атап жүрген шақтың түрі күмән туғызатыны рас. Себебі мұнда істің өту сапасы – тез өтуі, кенеттен өтуі, жай өтуі т.б. мүлде сөз болмайды. Ондай реңктер амалдың өту сипаты категориясында қарастырылады. Бұл аталған грамматикалық категорияның әлі де зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |