Ауыспалы (дағдылы) өткен шақ етістік түбіріне -атын, -етін аффикстерінің жалғануы арқылы жасалып, үнемі болатын амал-әрекетті білдіреді: -атын, -етін тұлғасының функционалд мағыналары мыналар: Векторлық ұстаным бойынша: 1) өткен шақта сөйлеу сәтінен бұрын болған амал-әрекетті; 2) амал-әрекеттің сөйлеу сәтінен көп бұрын, ертеректе болғанын; 3) осы шақтағы, яғни, сөйлеу сәтіндегі амал-әрекетті; 4) келер шақтағы, яғни сөйлеу сәтінен кейін болатын амал-әрекетті; Модальдық ұстаным бойынша: 1) анық болып өткен амал-әрекетті; 2) амал-әрекеттің болып өткендігіне сөйлеушінің сенімділігін; Аспектілік ұстаным бойынша: 1) үнемі болып тұратын дағдылы әрекетті; 2) қалып-күйді білдіру мағынасында; Квалитативті сипаты бойынша: бір нәрсеге тән қасиетті, сапаны т.б. Осы аталған мағыналық сипаттарына сәйкес ғалымдар (-атын, -етін( тұлағысн шақ жіктемесінде түрліге атап отырған: Қ.Жұбанов «Әдетше баяғылық» деп атаса, К.Кемеңгерұлы мен Ы.Маманов «Дағдылы өткен шақ»,Т.Қордабаев «Айғақты өткен шақтың бұрынғы түрі», А. Ысқақов «Анық өткен шақ» деп атаған.
Жоғарыда аталған өткен шақтың үш түрінің синтетикалық тұлғаларынан басқа да тілімізде өткен шақ мәнін білдіретін күрделі тұлғалар көп. Өткен шақтың аналитикалық тұлғаларының мағыналық мүмкіндіктерін, жұмсалымдық мағыналарын зерттеу бүгінгі күн талабында тұрған өзекті мәселе.
Келер шақтың жүйелі -құрылымдық парадигмасы және өткен шақ тұлғаларының тілдік функциялары. Сөйлеу сәтінен кейінгі болған қимыл-әрекеттің өту мерзімін білдіретін шақтық мағына келер шақ деп аталады. Келер шақ білдіретін мағыналары мен иффикстік құрамына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |