1-ші деңгей Сойыс малдарының жалпы сипаттамасы, оларды дайындау және оларға қойылатын қазіргі заман талаптарын түсіндіріңіз


Малды сояр алдында бруцеллез, анықталса қандай шаралар қолданылады?



бет10/58
Дата22.09.2022
өлшемі127,79 Kb.
#39852
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
Байланысты:
вет сан(1)

23.Малды сояр алдында бруцеллез, анықталса қандай шаралар қолданылады?
Жаппай тексеру кезінде уақ малдан басқа туберкулезге оң реакция берген мал, туберкулезге он реакция беретін құс, сондай-ақ ауру малды ет комбинаттарына тек облыстың малдәрігерлік бөлімінің рұқсатымен кана жіберіледі. Мал дәрігерлік байқау үшін малды арнайы алаңдарға орналастырады, ірі қараны бір-бірлеп қана өтетін жіңішке қоршаудан өткізеді. Мал техникалық шарттарға, стандартқа сәйкес жынысына, жасына және қоңдылығына қарай бөлінеді, тірілей массасын анықтайды.
Малдәрігерлік байқау кезінде ауру мал, өлексе байқалса немесе мал басы басқа көрсеткіштерге сәйкес келмесе, бұл топтағы мал үш күнге дейiн карантин бөлімінде ұсталуға тиіс. Осы уақытта мал дәрігерлік кызметкерлер аурудың диагнозын, сәйкессіздік себебін анықтайды.
24.Малды сояр алдында туберкулез, анықталса қандай шаралар қолданылады?
Жаппай тексеру кезінде бруцеллезге, уақ малдан басқа туберкулезге оң реакция берген мал, туберкулезге он реакция беретін құс, сондай-ақ ауру малды ет комбинаттарына тек облыстың малдәрігерлік бөлімінің рұқсатымен кана жіберіледі. Мал дәрігерлік байқау үшін малды арнайы алаңдарға орналастырады, ірі қараны бір-бірлеп қана өтетін жіңішке қоршаудан өткізеді. Мал техникалық шарттарға, стандартқа сәйкес жынысына, жасына және қоңдылығына қарай бөлінеді, тірілей массасын анықтайды.
Малдәрігерлік байқау кезінде ауру мал, өлексе байқалса немесе мал басы басқа көрсеткіштерге сәйкес келмесе, бұл топтағы мал үш күнге дейiн карантин бөлімінде ұсталуға тиіс. Осы уақытта мал дәрігерлік кызметкерлер аурудың диагнозын, сәйкессіздік себебін анықтайды.


25.Ұшаларды және ішкі органдарды қарау әдісі және ұйымдастыруын түсіндіріңіз.
Бастың кілегейлі қабықтары мен бездері (жақ астындағы, жұтқыншақ артындағы, құлақ жанындағы) тексеріледі
Ішкі мүшелері тексеріледі ( жүрек,өкпе, бауыр, көк бауыр, бүйрек, ұйқы безі, ішек қарын мен оның бездері: алдынғы, орталық, жоғарғы, артқы средостенный; оң және сол бронхиалды; бауыр, қарын, ішек шабыршағының, бүйрек және тоқ ішек бездері)
Ұша және оның бездері тексеріледі: мойын, қабырғааралық, қабырға- мойын, қолтық астындағы және бел, тізе белдемшесі, тізе астындағы, жоғарғы шап, орталық, шеткі бел бездері.
Қой малының сойыс өнімдерін ветеринариялық сараптау және оны ұйымдастыру :
Бастағы (ұрттың, мұрындағы)клегейлі қабықтары мен бездерді (жақ астындағы, жұтқыншақ артындағы, құлақ жанындағы) тексеріледі.
Өңеш пен бронқыларды гельминке тексеріледі, ал үстінгі жақ, маңдай қуыстары (пазухалар) кесіліп бүгелектің личинкасына тексеріледі.
Ішкі мүшелер қаралып тексеріледі (жүрек, өкпе, бауыр, көк бауыр, бүйрек, ұйқы безі, ішек қарын және олардың бездері: алдынғы, ортанғы, жоғарғы, артқы өкпе ортасындағы; оң, сол бронха; бауыр, қарын, шел, бүйрек және тоқ ішектің бездері).
Сойылған малдардың ұшасы мен бездері тексеріледі: мойын, қабырға, қабырға мойын, қолтық және бел, тізе белдемшесі, тізе астындағы, жоғарғы шап, және бел бездері.
Керекті жағдайларда ұша мен ішкі мүшелерді лабораториялық тексерулерден өткізіледі:
-бактериологиялық тексеруден,
-физикалық, химиялық тексеруден,
-гельминтологиялық тексеруден,
-токсикологиялық тексеруден.
Шошқа малының сойыс өнімдерін ветеринариялық сараптау және оны ұйымдастыру :
Бастың клегейлі қабығын және бездерін (жақ асты, жұтқыншақ артындағы, құлақ жанындағы) тексеруден өткізеді.
Жұтқыншақ бездері (миндалиндер) сібір жарасына тексеріледі, ішкі және сыртқы жақ еттері цистицеркозға 2-3 жерден тіліп тексеріледі.
Трихинеллез ауруына диагфрагмадан шандыр байламы жағынан кесіп алып тексеріледі.
Трихинеллезге алынған диагфрагма еті номерленеді, тексеріліп журналға енгізеді.
Жұмыртұяқты малының сойыс өнімдерін ветеринариялық сараптау және оны ұйымдастыру :
Басты ұзынынан қақ ортасынан шауып клегейлі қабығын,бездерін маңқа ауруына тексереді, жұтқыншақты, өкпені, оның бронқыларын, оның бездерін тексеріп көреді.
Маңқа, халикоз ауруларының түйіншектерін бауыр мен жүректі кесіп тексеріп көреді.
Жылқы еті экспортқа жеберілгенде, ол міндетті түрде трихинеллезге тексеріледі.
Қояндардың сойыс өнімдерін ветеринариялық сараптау және оны ұйымдастыру :
Ауыз бен кеңірсектің клегейлі қабықтарын тексеруден өткізеді.
Жұтқыншақ пен кеңірдекті кесіп тексеріп шығады.
Өкпені, бауырды, көк бауырды ұстап сыртынан және әр жерінен кесіп ішін ұлпасын тексереді.
Ішек қарынды және олардың бездерін тексеріп шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет