Жоғары мектеп жасы (14-18 жас – жастық шақ) – бұл дене және психологиялық кемелденудің аяқталатын, қоғамдық пайдалы өндірістік еңбекке және азаматтық жауапкершілікке әлеуметтік дайын болатын кезең. Жоғары сынып оқытушылармен жұмыс кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің басты міндеті білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыру болуға тиіс, ол сыбайлас жемқорлық әрекеттен саналы түрде бас тартуға мүмкіндік береді. Бұл жаста сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы қалыптастыру жүйелі, мақсатты және үздіксіз процесс болуға тиіс. Білім алушылардың жалпы білім беру мектебі деңгейін аяқтауға жылжуына қарай олардың сыбайлас жемқорлық, оның көріністері, жауапкершілік шаралары туралы, сыбайлас жемқорлық құбылысын орнықты түрде қабылдамау ұғымы қалыптасуы тиіс.
5 сұрақ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарына анықтама беріңіз? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:
1) заңдылық;
2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
3) жариялылық пен ашықтық;
4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
6.Студент жастарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудың ерекшеліктерін көрсетіңіз; Студенттік жастар – қоғамымыздың ең дамушы, серпінді, тез қимылдаушы бөлігі. Нақ осылар келешекте өндіріс саласында да, басқару саласында да орындарды иеленуші болмақ және оның белсенді қоғамдық ұстанымы мен сыбайлас жемқорлық төзбеушілігіне еліміздің өсіп-өркендеуі мен прогресивті дамуы байланысты болады.
Жастардың сыбайлас жемқорлықты проблема ретінде сезінуі және мықты қалыптасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет тиісті стандарттар мен қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға қабілетті, олар келешекте мемлекеттік басқару сапасына оң әсер ете алады. Құқықтық мемлекеттік құрудың міндеттеріне толық көлемде сай келетін жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі рөл жоғары білім беру жүйесіне тиесілі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы проблема айқын әділетсіздік актілеріне сергек ден қоятын студенттік жастар ортасында өте өзекті. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беретін мемлекеттік білім беру мекемелерінде басқару қызметінің құқықтық және моральдық-этикалық аспектілерін зерделеуді көздейтін оқу пәндерін оқыту кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрамдас бөлікті күшейту 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру мен тәрбие» атты бөліміндегі бірінші кезектегі міндеттердің бірі ретінде көрсетіледі. Білім беру бағдарламаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлықтың саяси, қоғамдық залалын, оған қатысудың ықтимал салдарын түсіндіретін және студент жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, олардың құқықтық сана-сезімі мен құқықтық мәдениеті деңгейін арттыруға бағытталған арнайы оқыту жүйесін құруды болжайды. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда тәрбие процесіне үлкен орын беріледі. Сондықтан студенттердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты саласындағы және сыбайлас жемқорлық қатынастарының келеңсіз салдарлары мен қалыптасатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным туралы студенттердің білімін молықтыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың әлеуметтік маңызды іс-шараларын (акциялар, қозғалыстар, тренингтер, пікірталастар, конференциялар) жоспарлау және өткізу аса маңызды. Бұл міндет тәрбие процесіне жауапты жоғары оқу орындары қызметкерлеріне де, тікелей студенттердің өздеріне және олардың қоғамдық бірлестіктеріне де жүктелуі тиіс. Білім алушылардың ғылыми зерттемелеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шешімдерді дербес іздеуіне және сыбайлас жемқорлық, оның себептері мен оған қарсы күрес әдістері бойынша өз пайымдарын таныстыруға, сондай-ақ олардың жобалау қызметіне тартуға үлкен рөл берілуге тиіс.