38.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың этникалық ерекшеліктерін табыңыз және сипаттаңыз; Қазақстан тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық қоғамды біріктіруші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруда негізін қалаушы болып табылады. Бұл – азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғалым мен білім ғибраты, зайырлы ел – толеранттылық елі сияқты құндылықтар. Жалпы айта келгенде, егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың этностық ерекшелігі ретінде ұлттық мәдениетті мысалға алсақ, отбасында балаларды еңбекке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу дәстүрі әрқашан да болған. Сондықтан отбасында ұлттық тәрбиенің негізі, адамгершілік пен іс- әрекеттің өзегі ретінде адал еңбек басым болуы тиіс. Сонда ғана отбасы деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл қоя аламыз. Бұл тосқауыл осы мәселені заңдық реттеуге қарағанда мықтылау, тиімдірек.Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда этникалық ерекшеліктерді негізге алу еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуы мен рухани жаңғыруына, мемлекетіміздің алға қойған стратегиялық бағыттағы жоспарларына қол жеткізуге, мәңгілік ел болып қалыптасуына маңызды жағдайлар туғызатындығы сөзсіз.Мұның бәрі елімізде құқықтық мемлекеттің іс жүзінде орнауына, заңның үстемдігіне, әр адамның қауіпсіз өмір сүруіне, қоғамдық тәртіптің нығаюына, әлеуметтік ахуалдың жақсаруына, ең бастысы ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрақты дамуға жеткізеді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.
39.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конституциялық негіздерін табыңыз және сипаттаңыз Қазақстан халқы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдум арқылы ел егемендігінің қалыптасу негізін, қоғам мен мемлекеттің құқықтық жүйесін айқындайтын қолданыстағы Конституцияны қабылдады.Онда Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, ең маңызды негіз ретінде адам мен азаматтың құқықтары мен мүдделерін толыққанды қорғау және сонымен бірге саяси билік нормаларының көмегі арқылы ықтимал қиянат жасау мен сыбайлас жемқорлықты шектеуге ұмтылу міндеттері белгіленді. Бұл жөнінде еліміздің Конституциясы бойынша ең маңызды негіз ретінде оның 12-бабы 2) тармақшасының нормалары қолданылады, онда «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» деп анық жазылған.Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын талдау барысында оның барлық негізгі ережелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне тікеле0й6 қатысы бар екенін көрсетті. Конституцияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес базасы, негізгі құқықтық тетік, бағдарлама ретінде қарастыру қажеттігін айта кету керек. Бұны мынадай сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды конституциялық ережелер мысалында түсіндіруге болады:
Бірінші. Қазақстан Республикасының өзін құқықтық мемлекет деп жариялауы болып табылады. Барлық істер мен даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығы негізінде және оған қатаң сәйкестікте шешілуі тиіс деп ойлау керек. Қазақстанда сот төрелігі тек сот арқылы жүзеге асырылады. Аталған конституциялық норманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәлелі айқын және түсіндіруді талап етпейді.
Екінші. Конституция бөлімдерінің логикалық құрылуы мен жүйелілігіне келсек, онда еліміздің мемлекеттік аппарат жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жеңудің негізгі әдісі ретінде тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесіндегі әрбір жоғары мемлекеттік билік органының миссиясын көрсетеді.
Үшінші. Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрылымын және оның ішкі қарама-қайшылығын, нормативтік құқықтық актілерді қамту және қолдану арқылы адамның құқықтары мен бостандықтарының органикалық байланысын, сыбайлас жемқорлықты жеңудің маңызды шарты ретінде қарастырылатын, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау міндетін бекіту.
Төртінші. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталуға қатысты Конституцияның нормалары бар, онда ел Президентін Мемлекет басшысы және оның жоғары лауазымды адамы ретінде сайлау рәсімдері, сол орында оның болу мерзімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті лауазымын атқаруына байланысты шектеулер көрсетілген.
Бесінші. Заңмен реттелетін маңызды қоғамдық қатынастар шеңбері, заңдарды ұжымдық қабылдау, өзге де мәселелерді Парламент деңгейінде шешу, Парламент және оның палаталары ішінде заң жобасы қозғалысының рәсімдері, депутат мәртебесіне байланысты, Парламент депутаттары үшін шектеулер, қылмыстық процестегі депутаттық қол сұғылмаушылық, Үкіметтің есебін Парламенттің бекітпеуге құқығы және басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың дербес конституциялық факторлары айқындалған.
Алтыншы. Заңдарды нақты әрі мінсіз орындау, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың актілерін толық немесе ішінара жою не тоқтата тұру құқығы, лауазымды атқаруына байланысты шектеулер – бұл Үкіметтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеу әдістерінің толық емес тізімі.
Жетінші. Конституциялық Кеңеске Конституцияның нормаларын түсіндіру құқығы, Парламент қабылдаған заңдарды ел Президенті қол қойғанға дейін олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігінқарау,заңдардыҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясына сәйкес келмейді деп тану жүктелген – бұл Конституцияны «қорғаушының» және «еліміздегі екінші заң шығарушының» сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық тәсілдерінің жиынтығы.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделіп, өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұратыны туралы аталған заңның 3 бабында айқындалған. Әр уақытта Конституцияның нормаларын орындау мақсатында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын жүйелі әрі тұрақты түрде қорғау, сондай-ақ халықаралық қатынастарда ұлттық мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайту процестері жүзеге асыру мәселелері қолға алынып келеді. Бұл ретте Конституцияның принциптері негізге алынады. Ол жерде Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, ең маңызды негіз ретінде адам мен азаматтың құқықтары мен мүдделерін толыққанды қорғау және сонымен бірге саяси билік нормаларының көмегі арқылы ықтимал қиянат жасау мен сыбайлас жемқорлықты шектеуге ұмтылу міндеттері белгілендіӨткен жылдарға назар аударсақ, барлық уақытта Конституцияның нормаларын орындау мақсатында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын жүйелі әлі тұрақты түрде қорғау, сондай-ақ халықаралық қатынастарда ұлттық мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайту процестері жүзге асырылып келді. Бұл ретте, ең алдымен, Конституцияның ішкі логикасы негізге алынды.