44. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетігі ретінде мемлекеттік жоспарлауды жаңғыртудың ерекшеліктерін табыңыз және сипаттаңыз; Мемлекеттік басқарудағы реформалар: нәтижеге бағдарланған, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау. Шет елдің озық тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттік басқару жүйесінде, тиісінше мемлекеттік жоспарлауда және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін негізгі факторлар дегеніміз бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және көптеген жағдайларда тек қаражатты игеруге бағдарлану болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың тууына себеп болатын факторлар, жоспарлау процесінің күрделілігі, еңбек және қаржы ресурстарының шектеулігі, ақпараттардың қолжетімсіздігі және және т.б. болып табылады. 2008 жылы 6 ақпанда ел Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «нәтижелілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік басқару жүйесін дамыту бойынша» іс-шараларды жедел іске асыруды басымдықтардың бірі ретінде атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Үкіметіне «бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тиімділігін арттыру жүйесін жаңғырту мен жетілдіру бойынша жұмысты жеделдету» міндеті қойылды. Әкімшілік реформаны жүзеге асыру шеңберінде нәтижелер бойынша мемлекеттік басқару жүйесіне көшу іске асырылды. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары мемлекеттік экономикалық, индустриялық және әлеуметтік саясатты іске асыру үшін тиімді құрал болуы мүмкін. Олар жалпы республикалық, салалық сипаттағы белгілі бір міндеттерді орындауды және әлеуметтік процестерге мақсатты түрде, кешенді әрі жүйелі ықпал ету мүмкіндігін береді. Оларда белгілі бір қоғамдық мәселелерді шешу бойынша алдағы уақыттағы іс-әрекеттер алгоритмі көрініс табады. Стратегиялық бағдарламалық құжаттарды іске асыру тиімділігін бағалау қажеттілігі, шығындарды бақылаумен ғана байланысты емес. Стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттардың атқарылуын бағалау орындаушылардың нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса назар аударуына, ағымдағы үрдістерді талдауға; заманауи түзетулерді қамтамасыз етуге; қызмет нәтижелерін табу арқылы жұртшылықтың сеніміне ие болуға көмектеседі. Мемлекеттік қызметшілердің жалақыларының өзгермелі бөлігін айтарлықтай арттыра отырып және оны алуды мемлекеттік орган алдына қойылған сол не өзге мақсаттар бойынша мақсатты мәнге қол жеткізу фактісімен байланыстыру арқылы нәтиже бойынша еңбекақы төлеу тетіктерін енгізу қажет. Бұл процесс мемлекеттік қызметшілерді ынталандырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
1) мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын тексеру және оңтайландыру;
2) мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының сапасы мен олардың жүзеге асырылу деңгейін жетілдіру;
3) стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік органдар қызметі мен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру нәтижелілігін бағалауды жетілдіру;
5) стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саласындағы кадрлар біліктілігінің деңгейін жоғарылату. Қазақстанның демократиялық негіздер құру мен нарықтық қатынастарды дамытуға бағдарлануы мемлекеттік қолдау шаралары мен құралдарының бірыңғай жүйесін қалыптастырудың бастамасы болды. Қазақстанда енгізілген мемлекеттік жоспарлау жүйесі болжамдау, бағдарламалау, ұзақ мерзімді стратегиялық және орта мерзімді индикативті жоспарлау элементтерін қамтиды.