41. Діни нормалар мен құндылықтарды қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаттары ретінде тауып, сипаттаңыз; Діни ереже мен құндылықтар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаты ретінде
Діни сауатты адам бұл дүниеде арам жолмен табылған дүние-мүліктің оған қайырлы болмайтынын, ал ақиретте осы заңсыз әрекеттері үшін Аллаһ Тағала алдында жауап берерін анық түсінсе, тәубеге келіп, арам пиғылынан қайтып, ізгі амалдар жасауға ұмтылар еді деп ойлаймын. Өйткені кейбір азаматтарымыз обал- сауапты ойламай қазынаның мүлкін, не өзге азаматтардың мүлкін еш қымсынбай жымқыратыны, және бұл құбылыстың кең етек алып отырғаны баршаға аян.
Әлемдік деңгейдегі көне заманнан келе жатқан мерез - жемқорлық мәселесі мұсылман елдерінде де белең алып отыр. Ислам діні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жеке тұлғалық және ұжыммен бірлесе жүзеге асырған. Шариғаттағы жемқорлықтың үкімі - харам. Яғни, үзілді-кесілді тыйым салынған. Асыл дінімізде жемқорлық үлкен күнәлар қатарына жатады
Әлемдік деңгейдегі көне заманнан келе жатқан мерез - жемқорлық мәселесі мұсылман елдерінде де белең алып отыр. Ислам діні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жеке тұлғалық және ұжыммен бірлесе жүзеге асырған. Шариғаттағы жемқорлықтың үкімі - харам. Яғни, үзілді-кесілді тыйым салынған. Асыл дінімізде жемқорлық үлкен күнәлар қатарына жатады
Тікелей эфир барысында Нариман Исенов елорда тұрғындарын адал, әділ болуға, парасаттылық қағидаттарын ұстануға, сондай-ақ қаланың адал мұсылмандарын Құрбан айт кезінде карантиндік шектеулерді сақтауға шақырды.
Бақытжан Ниязов Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы дін қызметкерлерінің рөлін атап өтіп, өз сөзінде дін өкілдері адамның рухани-адамгершілік жағдайын, мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын, сол арқылы адамдарда кез келген заң бұзушылыққа, оның ішінде сыбайлас жемқорлықты қабылдамауға төзбеушілікті тәрбиелейтінін атап өтті.
«Сыбайлас жемқорлық тек заңдармен ғана емес, сонымен қатар діндердің постулаттарымен де айыпталғандықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда біз діни қоғамдастықтың көмегіне жүгінеміз. Біз діни қызметшілердің жоғары адамгершілігі мен беделі халықтың мәдени құндылықтарын нығайтуға өлшеусіз үлес қосуға көмектесетініне сенімдіміз», - деп түйіндеді спикер.