1. Сыбайлас жемқорлық ұғымына анықтама беріңіз; Сыбайлас жемқорлық» сөзі латын тілінен «corumper»


Сыбайлас жемқорлық мінез-құлық үлгісінің мазмұны қандай



бет40/44
Дата14.05.2023
өлшемі141,09 Kb.
#93064
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
55.Сыбайлас жемқорлық мінез-құлық үлгісінің мазмұны қандай? Мысал келтіріп, кең мағынада түсіндіріңіз;
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиясы, сыбайлас жемқорлық проблемасына арналған көптеген зерттеулер көлемі экономикалық, әлеуметтік және заң тұрғысынан бағалауға ұшырайды. Алайда, сыбайлас жемқорлық әрекеттің психологиялық көзқарасы бойынша қазіргі кездегі түсінігі әртүрлі. Сыбайлас жемқорлық проблемасын психологиялық тілде сипаттау үшін бірқатар негізгі ұғымдар мен олардың анықтамаларын енгізу қажет: сыбайлас жемқорлық әрекет – бұл лауазымды адамның қызметтік жағдайын асыра пайдалану арқылы жеке пайда табуға бағытталған әрекеті; сыбайлас жемқорлық қысымы – лауазымды адамға бұл жеке пайда табу үшін билік өкілеттіктерін асыра пайдалану немесе одан бас тарту арасында таңдау жасауға әкелетін ықпал етудің әлеуметтік және психологиялық факторлар жиынтығы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылық – бұл сыбайлас жемқорлық қысымына қарсы тұру және қылмыс пен заңға мойынсұнатын әрекет арасында соңғысының пайдасына таңдау жасауды жүзеге асыру қабілетімен көрінетін тұлғалық жүйелік қасиет; сыбайлас жемқорлыққа бейімделу – сыбайлас жемқорлық қысым жағдайында сыбайлас жемқорлық әрекетін таңдауға жеке бейімділік; сыбайлас жемқорлығы дендеген адам – сыбайлас жемқорлыққа жоғары бейімділік және төмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылықты игерген белгілі бір әлеуметтік тип . Сыбайлас жемқорлық әрекет факторлары сыртқы (сыбайлас жемқорлық қысым) және ішкі (сыбайлас жемқорлыққа бейімділік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылық) болып жіктеледі. Әлеуметтік тұрғыдан сыбайлас – бұл жалпы қабылданған әлеуметтік нормаларды бұзу, бұрмалау, зақымдану және кейіннен белгілі бір қоғамдастықта оларды жасырын егу. Егер, бір жағынан, қоғамда және мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпы қабылданған норма ретінде ресми түрде айтылған, ал екінші жағынан, күнделікті қатынастарда тұрмыстық сыбайлас жемқорлық кең таралған болса, ресми айтылған және нақты қолданыстағы мінез-құлық нормалары арасындағы қарама-қайшылық айқын. Салдарынан да, мемлекеттік қызметшілер мен олардың қызметтерін тұтынушылары ретіндегі азаматтардың мүдделер қақтығысы орын алады. Осылайша, әрекеттердің «қосарлы стандарты» психологиясы сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін фактор болып табылады. Бұл ретте қоғамдық қатынастарға қатысушылардың екі жағы да (мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар) сыбайлас жемқорлық қысымын сезінеді. Сонымен қатар, ешқандай сыртқы жағдайлар, егер олар сыбайлас жемқорлық тұлғасының ішкі қасиеттерімен келіспесе,құқыққа қарсы әрекеттердің себептерін айқындай алмайды.
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің күрделі психологиялық тетігін және оның әрбір элементі қажетті өзара байланыс пен өзара тәуелділікте қаншалықты болғанын түсіну үшін қазіргі заманғы сыбайлас жемқордың бейіні мен оның психологиялық портретін қарастыру керек. Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдар арасында жүргізілген психологиялық зерттеу психологиялық бейінді және олардың аз ғана адамдар тобымен араласуға ұмтылысы, жақын қарым-қатынастар орнату кезінде абай болу, сыбайлас жемқорлық құрбандарына қатысты аяушылықтың жоқтығы сияқты бірқатар қасиеттерді айқындап берді. Олар, әдетте өздерінің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ешқашан жаза болмайды деп ойлайды. Атап айтқанда, қазіргі сыбайлас жемқорлықтың ашықтық және арсыздық сияқты сипаттамасы анықталып отыр. Жасырын, «қауіпсіз» парақорлық үздіксіз дамитынын атап өту керек, өйткені, жемқорлар жасампаздығының жоғарылығы күмән тудырмайды. Шетелдік зерттеулердің деректеріне сәйкес сыбайлас жемқорлық бойынша айлашарғыларда зияткерлігі жоғары және мәселелерді стандартты түрде емес шешетін шығармашыл адамдардың мейлінше жолы болады. Нәтижесінде кейбір сыбайлас жемқорлық сұлбалары мен сыбайлас жемқорлық әрекетін ұйымдастыру тәсілдері әккілікпен және жетілгендігімен таң қалдырады. Сыбайлас жемқорлыққа дендеген тұлғаның психологиялық портреті: өмірді материалдық игіліктер алу арқылы бағалау, молшылық өмірге ұмтылуды бақыт көрсеткіші деп санау, рухани әрекет ұстанымдарын ой елегінен өткізбей уәждеу және құрылымдау, өмірге қанағаттанушылықтың төмен деңгейі, өзін-өзі барабар бағаламау, сыртқы бақылау фокусы (адамның өз өміріндегі оқиғалар үшін жауапкершілікті сыртқы факторларға: басқа адамдарға, тағдырға, кездейсоқтыққа, қоршаған ортаға жабу бейімділігі), әрекет етудің серпінді типі (сыртқы әсерлерге аяқ асты эмоциональдық әрекет жасайтын мінезі бар адам). Сыбайлас жемқорлық әрекеті құрылымындағы психологиялық тетікті талдау. «Психологиялық тетік» деп кейбір функционалдық тұтастықты сипаттау түсініледі және қандай себептерге орай қандайда бір феноменнің пайда болатыны сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет