1. Сыбайлас жемқорлық ұғымына анықтама беріңіз; Сыбайлас жемқорлық» сөзі латын тілінен «corumper»


Мемлекеттік қызметті реформалаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектісі қандай? Мысал келтіріп талдау жасаңыз



бет43/44
Дата14.05.2023
өлшемі141,09 Kb.
#93064
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
59.Мемлекеттік қызметті реформалаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектісі қандай? Мысал келтіріп талдау жасаңыз;
Ең көп таралаған жемқорлықтың түрі ол лауазымды орнын немесе билікті өз пайдасы мақсатында теріс пайдалану .
Қәзіргі уақытта әлемдегі әрбір елде саяси дамуына тәуелсіз, оның ішінде Қазақстанда да жемқорлық әлеуметтік құбылыс сияқты орын алған, жемқорлықпен күрес Қазақстанның ең басты саяси басымдықтарының бірі.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жемқорлыққа қарсы күрестің бөлек іс-шараларын қолданылуда,алайда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның қабылдануын бастама нүктесі деп санауға болады. Одан бөлек сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық базасын заңнама актілері құрайды. Оларда сол немесе басқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралары қамтылған, мысалы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы. Сондай-ақ жемқорлыққа қарсы мамандырылған органдар бар. Мемлекеттік қызметтердің жауапкершілігін арттыру және билікті асыра пайдалануға жол бермеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылды. Айта кету керек, мемлекеттік қызметті реформалау барысында өз уақытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы келесі шаралар жүзеге асырылды: әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымдарына конкурстық іріктеуді жүргізу, ресми ант беру, бір мемлекеттік органда жақын туыстарының бірлескен қызметін шектеу, кірістер туралы декларацияны ұсыну және т.б.Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі болуға тиіс Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жазалау әдістерімен ғана жүргізілмей, халық арасында құқықтық тәрбиені және сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің әртүрлі нысандарын қабылдамауды насихаттауға бағытталған ақпараттық-тәрбие жұмысы қажет.
Сыбайлас жемқорлық елдің даму процесін тежейді. демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қатер төндіреді және сыбайлас жемқорлық проблемасын шешу үшін мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіріп, нормативтік базаны жетілдіру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет