1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі



бет104/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   110
Байланысты:
Анатомия сессия шпор (2)

Ішастарға қатынасы : интраперитонеалды, яғни барлық жағынан жабылған.
Аш ішек – jejunum – он екі ішек – аш ішек иілімінен басталады, оның тұсақтары құрсақ қуысының сол жақ жоғары бөлігінде жатады. Оның диаметрі 3,5-4,5 см болып келеді.
Оның аш ішек деп аталу себебі, тамақтың бұл бөлікте көпке дейін тұрақтамай, тамақ тез мықын ішекке өтіп кетеді. Сондықтан да ол көп жағдайда бос болады.
Іleum, мықын ішек– аш ішектен кейінгі бөлім, жамбас сүйектің мықын бөлігіне жақын болып келеді. Жамбас қуысына бағытталып орналасқан.
Ерекшелігі : жуан, қабырғасы қалың, шырышты қабығы лимфалар мен қан тамырларына бай болып келеді.
Мықын ішек өсіндісі, diverticulum Mekelii –мықын ішек шажырқайының бекитін қабырғасының қарама- қарсы бетінде , соқыр ішектен 1 м қашықтықта орналасқан. Ұзындығы – 5-7 см. Эмбриондық даму кезінде уыздық түтік арнасының қалдығы.
Жіңішке ішек қырлары:

  • Шажырқайдың бекінетін орны – шажырқайлық жиек деп аталады. (margomesenteriales)

  • margo mesenteriales-қа қарсы бос жатқан жиек – бос жиек (margo liber)

Қабырғалары:
Жіңішке ішектің шажырқайлық бөлігінің қабырғалары он екі елі ішектігіндей құрылған. Кілегейлі қабығы бір қабатты призмалық, эпителиймен қапталған. Түзілген айналма қатпарлар саны - 700-900-ге дейін. Әрбір қатпардың ұзындығы ішек айналма өлшемінің 1/2-1/3 құрайды. Биіктігі шамамен 6-8мм болады. Қатпарлардың биіктігі аш ішектен мықындық ішек бағытында төмендейді. Аш ішектің кілегейлі қабығының меншікті табағында көптеген жекелеген лимфоидты түйіншіктер орналасады, олар мықындық ішекте - 25-30ға дейін ірі жиналымдар топтық лимфа түйіншіктерін (nodule lymphatici aggregatic) – Пейеров құлақшалары түзеді.

136. 12-аш ішекбұрылысы. Оның орны, практикалықмаңызы.


Он екі елі-аш ішек иіні (flexura duodenojejunalis) – он екі елі ішектің аш ішекке өтер жерінде орналасқан:
-flexura duodenojejunalis II-ші бел омыртқаның солжақ бетіне байламдармен (дәнекер тіндермен) бекіп орналасады;
-сондықтан, операция кезінде аш ішектің (jejunum-ның) басталатын жерін анықтау үшін flexura duodenojejunalis-ты тауып алу керек, содан соң аш және мықын ішектерді тексеруге болады; өйткені аталған ішектер өте ұзын, перистальтикасы күшті және беті жылтыр, тайғақ келеді, операцияда қолдан тайқып шығып кете береді де, аш және мықын ішектерді толық тексеруге мүмкіндік болмайды (әсіресе ішке біз, пышақ салып алғанда және іш жарақаттары кезінде маңызды).
Оның орны, практикалық маңызы.
Он екі елі ішек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Кілегеілі қабығы бірқабатты призмалы эпителиймен қапталған және саусақтәрәздә өскәндермен - ішек бүрлерімен (villi intestinales) жабылған айналма қатпарлар түзеді.
Ағзаның жоғарғы жартысының кілегейасты негізінде тек қана он екі елі ішекке қана тән күрделі түтікті-ұяшықты дуоденалді бездер орналасады, ал төменгі бөлікте, кілігейлі қабықтың меншікті табақасында-түтікті ішектік Крипталар (Либеркюн бездери) орналасады. Бұлшықеттік қабық ішкі: (циркулярлы) және сыртқы (ұзына бойлық) тегіс бұлшықеттер жасышаларының қабаттарынан тұрады. Он екі елі ішек сыртынан дәнекер қабықпен жабылған. Ал сірлі қабат ішекті тек қана алдынан жабады.
Жіңішке ішектіңң шажырқайлық бөліг і- ұзындығы 4-6 м, құрсақ қуысынығ төменгі қабатында, көлденең жиек ішектен төмен орналасады, шажырқаймен (mesenterium) ұсталып тұрады. Жіңішке ішектің проксималді бөлігі (шамамен2/5) аш ішек деп, қалған бөлігі (3/5) – мықындық ішек деп аталады.
Аш ішек (jejunum) диаметрі 3,5-4,5 см, он екі елі ішек – аш ішек иілімінен басталады , оның тұсақтары құрсақ қуысының сол жақ жоғарғы бөлігінде жатады.
Мықындық ішек (ileum) диметрі 2,5-3,5 см, аш ішектің жалғасы болып табылады, құрсақ қуысының төменгі оң жақ бөлігін алып жатады да, оң жақ мықындық шұңқыр аймағында соқыр ішектегі тесікпен аяқталады.
Аш ішек пен мықындық ішек қабырғалары он екі елі ішектігіндей құрылған. Кілегейлі қабығы бір қабатты призмалық, эпителиймен қапталып , саны 700-900-ге дейін айналма қатпарлар түзеді. Әрбір қатпардың ұзындығы ішек айналма өлшемінің 1/2-1/3 құрайды.Биіктігі шамамен 6-8мм Қатпарлардың биіктігі аш ішектен мықындық ішек бағытында төмендейді. Аш ішектің кілегейлі қабығының меншікті табағында көптеген жекелеген лимфоидты түйіншіктер орналасады, олар мықындық ішекте - 25-30ға дейін ірі жиналымдар топтық лимфа түйіншіктерін (nodule lymphatici aggregatic) – Пейер түйін дақтарын түзеді.
137. Соқыр ішек, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы.
Соқыр ішек (caecum) - мықындық ішек тоқ ішекке өту орнынан төмен орналасқан тоқ ішектің бастапқы кеңейген бөлігі
Орналасуы: Fossa iliaca dextra , оң жақ мықындық шұңқыр мен crista iliaca dextra аралығында. Улкен бел булшыкеты m. psoar major мен шектеседі. Ересектерде орналасуы озгермелі болып келеді
ұзындығы 6-8см, колденен 7,0-7,5 см.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет