Тоқ ішектің жоғарылаған жиек ішегі, colon ascendens, соқыр ішектің тікелей жалғасы. Ұзындығы 15-20 см. Топографиясы: оң мыкын сүйегі кырының, crista iliaca dextra, тұсында соқыр ішектен басталып, бауырдың оң үлесінің тұсында жиек ішектің оң иілімін, flexura coli dextra, құрап, тоқ ішектің көлденең жиек ішегіне, colon transversum, жалғасады. Артқы беті: белдің шаршы бұлшықетімен, m. quadratus lumborum, және іштің көлденен бұлшыкетімен, m. transversus abdominis, шектескен; алдыңғы беті, іш қуысының алдыңғы кабырғасымен шектеседі.
Тоқ ішектің көлденең жиек ішегі, colon transversum, тоқ ішектің жоғарылаған жиек ішектің тікелей жалғасы. Тоқ ішектін көлде- нең жиек ішегі, тоқ ішектің оң иілімі мен сол иілімінін аралығында көлденең бағытта, дөңес жағы томен қарай иіліп орналаскан.
Ұзындығы 30-83 см, орташа ұзындығы 50 см. Ток ішектің орналасуы адамның дене бітіміне, жасына, бойына байланысты өзгермелі кeледі. Балаларда қысқалау, брахиморфты адамдарда тоқ ішектің бұл бөлігі көлденең бағытта орналаскан. Ал долихоморфты адамдарда томен бағытталып, кіндікке дейін ауытқып орналасуы мүмкін.
Ішастармен интраперитонеалді жағдайда жауып орналаскан. Тоқ ішектің көлденең жиек ішегінің жоғарғы беті: асқазанмен, бау- ырдың оң үлесімен және көкбауырмен шек- теседі; төменгі беті: аш ішекпен; артқы беті ұйқыбезбен және он екі елі ішекпен шектеседі.
Тоқ ішектің төмендеген жиек ішегі, colon descendens, жиек ішектің сол иілімінен, flexura coli sinistra, басталып, сол мықын сүйегі шұңкырының тұсында тоқ ішектің «сиг- матәрізді» бөлігіне жалғасады. Ұзындығы 12- 15 см. Алдыңғы беті іш қуысының алдыңғы бет- імен; оң жак беті аш және мықын ішекпен; сол жақбеті іш куысының бүйір бетімен шек- теседі. Ішастармен мезоперитонеалді жағ- дайда жауып орналаскан.
Тоқ ішектің сигматәрізді жиек ішегі, colon sigmoideum, ток ішектің төмендеген жиек ішегінің тікелей жалғасы. Ұзындығы ересек адамдарда 15-67 см; сыртқы пішіні, ұзынды- ғы озгермелі келген. Ішастармен интрапери- тонеалді жағдайда жауып орналасқан. Сигматәрізді ішек шажырқайының арқасында өте қозғалмалы.
140. Тік ішек: топографиясы, қызметі , ішастарға қатынасы.
Ас қорыту жүйесінің соңғы бөлімі болып тік ішек, rectum болып табылады.