Айдаршықты буын (articulation bycondylaris) – Дөңгелек өсінді түріндегі дөңес буын басы бар, пішіні эллипске жақынырақ – айдаршық (condylus) деп аталады. Оған басқа сүйектің буындасқан бетіндегі ойысы сәйкес келеді. Мысалы: тізе буыны және ауыз – шүйде буыны.
Ертоқым тәрізді (articulatio sellaris) –Бірінің үстіне бірі отырған екі ертоқым тәрізді буындасқан беттерден құрылған, біреуі екіншісінің ұзына бойымен және көлденең қозғалады. Бас бармақтардың, білезік-алақан, төс бұғана буындарын мысал ретінде айта аламыз.
Көп білікті. Үш білік айналасында жүреді жәнеде алты қимыл көлемі бар.
Көп білікті буындар пішініне байлнысты: Шар тәрізді (articulatio spheriodea) – Буындық беттерінің бірі дөңес, шар тәрізді пішінді буын басын, ал басқасы тиісінше ойыс буын тілігін түзеді. Бір біліктен екінші білікке шеңбер бойынша ауысқан айналма қозғалыс жасалады.Нағыз шар тәрізді буындарда қосалқы байламдар аз, яғни бұл олардың қозғалыс еркіндігін көрсетеді. Мәселен: иық буыны және де тостағанша тәрізді ұршық буыны жатады.
Жалпақ буын (articulatio plana) –Оларда қозғалыс үш біліктің айналасында жасалады, буынды беттерінің аудандарының айырмасы аз болуына байланысты қозғалыс көлемі де аз. Буын беті аудандары сәйкестігі, капсуланың жалғамамен бекуі және таю қимылдары тән.
Сонымен қатар білік санына тәуелді емес, көлемі шектеулі буындар да бар. Олар бізде қатаң буындар - амфиартоздар деп аталады. Қысқа, қатты тартылған буын қапшығы және өте мықты созылмайтын қосалқы аппараты, яғни қысқа мықтаушы байламдары бар. Оған: аяқ ұшы және сегізкөз буындарын жатқызамыз.
36 сұрақ. Буынның негізгі және қосалқы элементтері. Жауап: Буындар(articulatio)- шеміршекпен жабылған буын беттерімен қосылып, буын капсуласына енгізілген және қуысында синовиалды сұйықтық бар үзілісті, қуысты, қозғалмалы байланыстар.
Буындардың негізгі элементтеріне: буын беті, буын капсуласы және буын қуысы жатады.