Тізе асты шұңқырының төменгі бұрышынан-қан тамыр нерв будасы сирақтың артқы беткейінің беткей және терең бұлшықет аралығында орналасқан сирақ-тізе асты өзегіне (canalis cruro-popliteus) немесе Груберов өзегіне түседі. Тізе асты артериясы (a. poplitea) өзекте артқы үлкен жіліншіктік артериясы (a. tiblalis posterior) деп аталады. Артериямен бірге вена және үлкен жіліншіктік нервісі өтеді. Нерв тізе асты шұңқырында орналасқандай өзек жолы бойында да артериядан сыртқа және артқа қарай орналасады. Сирақ-тізе асты өзегінің төрт қабырғасы және үш тесігі болады. Оны сүйек аралық жарғақтың алдынан артқы үлкен жіліншіктік бұлшықет бөліп тұрады. Оны балтыр бұлшық етінің артынан камбала тәрізді бұлшықеті бөліп тұрады. Өзекті сыртынан бірінші бармақты бүгетін ұзын бұлшықет, ал ішінен–саусақтарды бүгетін ұзын бұлшық ет шектейді. Өзектің бағыты дерлік вертикальді.
Сирақ тізе асты өзегінің қабырғалары:
Алдынан-артқы үлкен жіліншіктік бұлшықеті;
Артынан-камбала тәрізді бұлшық еті;
Сыртынан-1-ші бармақты бүгетін ұзын бұлшықет;
Ішінен-башпайды бүгетін ұзын бұлшықет;
Өзектің негізгі қабырғалары болып артқы және алдыңғы қабырғалары саналады. Өзектің кірер тесігі болып көлдененң орналасқан саңылау болып табылады. Саңылау артынан камбала бұлшықетінің сіңірлі доғасынан және алдынан балтыр бұлшық етінен пайда болған . Осы саңылау арқылы өзекке тізе асты артериясы және үлкен жіліншіктік нервісі кіріп, ал өзектен үлкен жіліншіктік веналары шығып, осы жерде тізе асты веналары деп аталады. Өзектің шығу тесігі екеу-жоғары және төменгі. Сирақ тізе асты өзегінің жоғарғы тесігі артқы үлкен жіліншіктік бұлшықеттің басталар жерінен, сүйек аралық жарғақтың проксимальді бөлігінен жоғары орналасады. Сол жарғақ арқылы өзектен сирақтың алдыңғы беткейіне алдыңғы үлкен жіліншіктік артериясы шығып, практикалық өзекке соқпайды. Өзектің төменгі шығу тесігі артынан өкшелік сіңірі мен алдынан артқы үлкен жіліншіктік бұлшықеті сіңірінің арасында орналасады. Ол тесік саңылау тәріздес, бағыты вертикальді. Ол тесік арқылы өзекке артқы үлкен жіліншіктік веналары кіреді, ал өзектен артқы үлкен жіліншіктік артериясы мен үлкен жіліншіктік нервісі шығып, тобық өзегіне бағытталады. Өзектің жоғарғы жартысында артқы үлкен жіліншіктік артериядан латеральді бағытта кіші жіліншіктік артериясы тарамдалады.