1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Алмұртүсті және алмұртасты тесіктер, олардың құрамы



бет71/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   110

Алмұртүсті және алмұртасты тесіктер, олардың құрамы.


Жауап:
Жоғарғы алмұрт тәрізді тесік (foramen suprapiriforme) - алмұрт тәрізді бұлшықеттің жоғарғы шеті мен үлкен шоңданайлық тілік арасындағы саңылау тәрізді тесік. Ол арқылы жоғарғы жамбас қан тамырлары мен нерв өтеді.

Алмұрттәрізді төменгі тесік(foramen infraperiforme) – алмұрт тәрізді бұлшық еттің төменгі шеті мен сегізкөз - қылқанды байлам арасындағы саңылау тәрізді тесік. Тесік арқылы шоңданай нерві, төменгі жамбас қан тамырлары мен нервтері, жамбастың артқы тері нерві, ішкі жыныс тамырлары мен жыныс нервтері өтеді.


Алмұрт тәрізді жоғарғы және төменгі тесік (foramen suprapiriforme, foramen infrapiriforme). Алмұрт тәрізді бұлшықет жамбас қуысынан үлкен шоңданай тесігі арқылы шығып, тек оның орталық бөлігін ғана толтырады, бұлшық еттің жоғарғы және төменгі жағынан тесіктер пайда болады: ол арқылы жамбас қуысынан бөксеге қан тамырлары мен нервтер өтеді. Алмұрт тәрізді жоғарғы тесік арқылы жоғарғы жамбас қан тамырлары - нерв байламы шығады. Төменгі алмұрт тәрізді тесік арқылы шығады: шоңданай нерві (латеральды орналаскан), төменгі жамбас қан тамыр-жүйке байламы (шоңданай жүйкесі медиальды орналасқан), жыныстық тамыр-жүйке байламы (ең медиальды жағдайда орналасқан).
Жоғарғы алмұрт тәрізді тесік шектеседі:
1) алмұрт тәрізді бұлшық еттің жоғарғы жиегімен;
2)үлкен шоңданай тесігінің жоғарғы жиегімен.
Төменгі алмұрт тәрізді тесік шектеседі:
1) алмұрт тәрізді бұлшық еттің төменгі жиегімен;
2) үлкен шоңданай тесігінің төменгі жиегімен.
82.Сан үшбұрышы, шекаралары, құрамы.
Сан топографиясына келетін болсақ, Жамбас астауы санның алдыңғы аймағымен шап жалғамасынын астындағы бұлшыкет және кан тамыр лакуналары аркылы байланысады. Олар бір-бірінен мыкын-кыркалык доғамен яғни arcus iliopectineus аркылы шектелген.
*Булшыкет лакунасы яғни lасunа musculorum латералды орналаскан.Ол алдынан және жоғарыдан- ligamentum inguinale, латералды — os ilium, медиалды- аrcus iliopectineus шектелген. Булшыкет лакунасы аркылы санға musculus iliopsoas және nervus femoralis өтеді.
*Кан тамыр лакунасы lасunа vasorum алдынан және жоғарыдан ligamentum inguinale, латералды- arcus iliopectineus. медиады ligamenum laсunare, aртынан және төменнен — ligamentum pectineum шектелген. Лакуна аркылы сан артериясы яғни латералды сан тамыры және лимфа тамырлары өтеді. Lacuna vasorum-нын ен медиалды бөлігін борпыллак шелмай және лимфа түйіндері толтырады, кірне пайда болған жағдайда сан өзектін ішкі тесігі атауын алады.
*Сан үшбұрышы яғни trigonum femorale cаннын алдынғы бетінде орналаскан . Үшбүрыштын жоғарғы шекарасы ligamentuт inguinale. латералды musculus sartorius, musculus adductor longus. CaH медиалды үшбурышы түсында сан кан тамырлары өтетін мыкын-кыркалык жүлге (sulcus iliopectinпеus) орналаскан. Жүлгенін медиалды кабырғасын musculus pесineus. латералды кабырғасын musculus iliopsoas кұрайды. Мыкын-кыркалык жүлгенін жалғасы саннын алдынғы жүлгесіне sulcus femoralis anterior жалғасады, онын медиалды кабырға- musculus adductor longus et musculus adductor magnus, латералды кабырғасын musculus vastus medialis кұрайды. Жүлгеде сын кан тамырлар мен жулке өтеді, олар musсulus sartorius жабылган.
*Шекарасы: Жоғарыдан –шап байламы, сыртқы жағынан-nervus sartotius, ішкі жағынан-musculus adductor liongus пен шектелген. Үш бұрыштың биіктігі - ligamentum Inguinale-ден musculus sartorii-дің musculus adductor liongus пен қиылысқан жеріне дейін болып келеді, ол 15 см тең.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет