1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Ішкі секреция ағзаларының жалпы сипаттамасы



бет77/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   110
Байланысты:
Анатомия сессия шпор (2)

91.Ішкі секреция ағзаларының жалпы сипаттамасы.


Ағзада өтетін процестерді реттеу ішкі секреция бездері қамтамасыз етеді. Негізгі жұмыс өнімдері-гормондар. Гормондар сұрыптаушы функцияны атқарады , яғни нысана-мүшелердің жұмысына нақты әсер ете алады. Жалпы, қысқаша гормондардың әсерінің формуласын былай көрсетуге болады:
Гормонның әсер ету механизмін айтсақ, гормон клеткаға түсед, сосын рецептор арқылы, рецептор комплексін құрайды. Осы комплекс ядроға түседі, хроматиннің белгілі бір бөлігімен және де бір генмен әрекеттеседі. Осының нәтижесінде аналық РНҚ ппайда болады. Осылайша жауапты реакция болады.
Ішкі секреция бездерінің жіктелуі:
Эмбриональді дамуына байланысты:
І.Топ-энтодермальды бездер:
1.Қалқанша без 2.Қалқанша маңы без 3.Айырша без 4.Ұйқы без
ІІ.Топ-мезодермальды бездер:
1.Бүйрек үсті безінің қыртыс заты 2.Еннің эндокринді бөлігі 3.Қуық асты безінің эндокринді бөлігі 4.Аналық эндокринді бөлігі 5.Жатырдың эндокринді бөлігі
ІІІ. Эктодермальды бездер:
1.Гипофиз 2.Эпифиз 3.Бүйрек үсті безінің милы заты 4.Хромофин денелері
Даму қайнар көзі бойынша:
І.Бронхигенді бездер
1.Қалқанша без 2.Қалқанша маңы безі 3.айырша без
ІІ.Неврогенді топ
1.Гипофиз 2.Эпифиз
ІІІ.Адреналин жүйесі тобы
1.Бүйрек үсті 2. Хромофин денелері
IV.Интерренальді жүйесі
1.Бүйрек үсті безінің қыртыс заты
V.Мезодермальды бездер
1.Еннің эндокринді бөлігі 2.Қуық асты безінің эндокринді бөлігі 3.Аналық эндокринді бөлігі 4. Жатырдың эндокринді бөлігі
VI.Энтодермальды бездер
1.Ұйқы безінің инсулярлық бөлігі
Қызметі:
-ағзаның атқаратын жұмыстарының химиялық реттелуін қамтамасыз етеді.
-ағзаның ішкі тұрақтылығын сақтау;
-жалпы ағзаның дамуы, өсуі, жыныстық жетілуіне;
-барлық эмоциялық реакцияларды реттеп отырады.
Ерекшеліктері:
-шығару түтіктері жоқ. Бірден гормон қанға не болмаса лимфаға бөледі.
-кішкентай көлемді;
-қан, лимфа тамырларына бай. Мысалға: қалқанша без арқылы 1 сағатта 5литр қан өтеді;
- гормондардың белсенділігі өте жоғары, бірақ әсер ету уақыты қысқа.
-гормонды өте аз мөлшерде бөледі.
Әрбір бездерге жалпы сипаттама жаза кетсем, қалқанша без, glandula thyroidea, ең ірі тақ без. Оң және сол үлестері, lobus dexter et sinister, 30% жағдайда адамдарда пирамидалық үлес, lobus pyramidalis, және қылтасы, іsthmus glandula thyroidea болады. Мойынның алдыңғы аймағында, мойынның 1-3-інші немесе 2-4-інші кеңірдектің шеміршегі тұсында, ал бүйір бөліктерінің жоғарғы полюсы көмейге дейін жетеді. Салмағы 30-40гр., әйелдерде салмағы мен көлемі үлкен.
Қалқанша бездің гормондары: тироксин, трийодтрионин, тирекальцитонин.
Қалқанша маңы безі,glandula parathyroidea, сопақша пішінді, қалқанша бездің артқы беткейінде орналасқан. Салмағы 40мг. Гормоны: паратгормон. Безді құрайтын клеткалар топталып, фолликуланы құрайды.
Айырша без, thymus, алдыңғы көкірекаралықта, оң және сол көкірекаралық өкпеқаптың аралығында орналасқан. Оң және сол үлестен, lobus dexter et sinister, тұрады. Сыртын дәнекер тінді капсула,capsula thymі, жабады. Үлесше аралық қалқалар, septa interlobularia , бар. Тимус қыртысты заттан, cortex thymi, және милы заттан, medulla thyme, тұрады. Гормоны тимозин.
Гипофиз,hypophysis, сынатәрізді сүйектің түрік ершігінің гипофиз шұңқырында орналасқан. Ересектерде салмағы 0,5г., әйел адамдарда 0,6г.
2 бөлік: 1.аденогипофиз, adenohypophysis.
-Төмпешіктік бөлік-75%-ды құрайды.
-Дистальді-15%-ды алады.
-Аралық-10%-ды құрайды.
2.нейрогипофиз, neurohypophisis
-сұр төмпешік
-воронка


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет