1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Орналасуы: мойынның алдыңғы аймағында, көмей мен кеңірдектің жоғарғы бөлімдерінің аралығында. Құрылысы



бет79/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   110
Орналасуы: мойынның алдыңғы аймағында, көмей мен кеңірдектің жоғарғы бөлімдерінің аралығында.
Құрылысы: оң және сол үлестері , lobus dexter et sinister, 30% жағдайда адамдарда пирамидалық үлес, lobus pyramidalis, және қылтасы, іsthmus glandula thyroidea бар.
Сыртқы беті, facies externa, ортаңғы беті, facies interna, артқы беті, facies posterior, бар.
Гормондары: тироксин, трийодтрионин, тирекальцитонин.
Гипофиз - hypophysis.
Орналасуы: сынатәрізді сүйектің түрік ершігінің гипофиз шұңқырында.
Ерекшеліктері:
-салмағы ересектерде 0,5г., әйел адамдарда 0,6г.;
-diaphragm sellae-ның астында орналасады;
-diaphragm sellae-ның ортасындағы саңылаумен гипоталамуспен байланысады.
-жүктілік кездерінде көлемі үлкендеу болады, ал туғаннан кейін өлшемі қайта орнына келмейді.
Құрылысы: 3бөлік:
-аденогипофиз; -нейрогипофиз; -меланогипофиз
Гормондары:
1.Адренокортикотропты гормон-бүйрек үсті безі қыртысының секрециясына әсер етеді.
2.Гонадотропты гормон-жыныстық бездерге әсер етеді.
3.Тиреотропты гормон-қалқанша бездің секрециясына әсер етеді.
4.Соматропты гормон-бойдың өсуіне әсер етеді.
Эпифизге келетін болсақ, оны кейде мидың жоғарғы қосалқысы деп атайды.
Орналасуы: үлкен ми сыңарының тереңде , ортаңғы мидың жоғарғы төмпешіктерінен бөліп тұратын жүлгеде.
Құрылысы:
-эпифиз ІІІ-ші қарыншамен жанасып тұрады.
-сырты кедір-бұдыр;
-салмағы 0,2г;
-бездің іші жұқа дәнекер тінмен қапталған.
-ең үлкен салмақ 7-9 жас кезінде болады;
-пішіні жұмыртқатәрізді.
Қызметі:
-зат алмасуды реттейді;
-жыныстық жетілуге дейін гипофиздің әсерін тежейтін затты бөледі.
Гормондары:
-серотонин. -мелатонин. -адреногломерулотропин. -антигонадотропин.
Ұйқыбез,pancreas, - аралас секретті без болып табылады. Ұйқы безі эмбриогенездің 3-4 аптасында энтодерманың ортаңғы бөлігінен дамиды.
Құрылысы:
-салмағы 80г.;
-бозғылт қызыл түсті;
-артқы беті,facies posterior, алдыңғы беті, facies anterior, төменгі беті,facies inferior, болады.
-басы, caput pancreatis, денесі ,corpus pancreatis , құйрығы ,cauda pancratis , болады.
Гормондары:
-глюкагон - инсулин.
Қалқанша маңы безі,glandula parathyroidea, сопақша пішінді, қалқанша бездің артқы беткейінде орналасқан. Салмағы 40мг. Гормоны: паратгормон. Безді құрайтын клеткалар топталып, фолликуланы құрайды.
Айырша без, thymus, алдыңғы көкірекаралықта, оң және сол көкірекаралық өкпеқаптың аралығында орналасқан. Оң және сол үлестен, lobus dexter et sinister, тұрады. Сыртын дәнекер тінді капсула,capsula thymі, жабады. Үлесше аралық қалқалар, septa interlobularia , бар. Тимус қыртысты заттан, cortex thymi, және милы заттан, medulla thyme, тұрады. Гормоны тимозин.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет