1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Қалқанша безі .Қалқанша маңы безі құрылысы қызметі



бет80/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   110
Байланысты:
Анатомия сессия шпор (2)

94.Қалқанша безі .Қалқанша маңы безі құрылысы қызметі.
Қалқанша без, thyroidea, ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірі тақ без.
Орналасуы: мойынның алдыңғы аймағында, көмей мен кеңірдектің жоғарғы бөлімдерінің аралығында.
Скелетопия: IV-VI мойын омыртқалар маңында орналасады.
Синтопия: алдында тіласты сүйектен төмен тұрған бұлшықеттер.
-Қалқанша без мойынның меншікті фасциясы, мойынішілік фасциямен жабылған. Сонымен қатар, араларында кеңістік болады және ол кеңістік арқылы сұйықтықтар көкірекортаға өтіп, медиастинитке асқынып кетуі мүмкін.
-Ал, үлесшелеріне қалқанша тәрізді шеміршек және кеңірдектің жартылай сақиналары жанасады.
-Өңеш пен кеңірдектің арасында жүлгеде n.laryngeus recurrens болғандықтан, зоб ауруына операция жасаған кезінде, бездің сыртқы капсуласының артқы бөлігін орнында қалдыру қажет. Себебі, n.laryngeus recurrens бұзылса, афония болып қалуы мүмкін.
- егер без үлкейсе, артқы бөлігі жұтқыншаққа жанасып орналасуына байланысты, адам жұтынғанда, без қозғалып тұрады.
-без ұйқы артериясының медиалді жағын жауып тұрады. Зоб кезінде без үлестері үлкейіп, артерияның пульсін өзгертіп жіберуі мүмкін. Зоб өсе бастағанда, артерия ығысады. Осы кезде, пульс зобтың артында сезіледі, ал егерда қатерлі ісік болатын болса, ол артерияның қабырғасында жабысып қалуы мүмкін. Бұл жағдайда Берри симптомы болады.
Құрылысы: оң және сол үлестері , lobus dexter et sinister, 30% жағдайда адамдарда пирамидалық үлес, lobus pyramidalis, және қылтасы, іsthmus glandula thyroidea бар.
Сыртқы беті, facies externa, ортаңғы беті, facies interna, артқы беті, facies posterior, бар.
Гормондары: тироксин, трийодтрионин, тирекальцитонин.
Т3,Т4 гормонының қызметі:
-қандағы қантты реттеу;
-липолиз;
-ағзаның дамуы, өсуіне және зат алмасуға;
-бойдың қарқынды өсуіне және жыныстық жетілуге;
-ОНЖ-ға белсендіруші арқылы әсер етуге.
Тирекальцитонин - парафолликулалық жасушалармен өндіріледі. Ол кальцеотонин остеокластардың сіңіру белсенділігін тежейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет