17 сұрақ. Тарих сабақтарында оқулықпен жұмыс істеу жүйесінің мазмұнына анықтама беріңіз
Окулықпен жұмыс істеудің бастапқы дағдылары. Мұғалім бастауыш мектептен сыныпты қабылдап алғанда ең алдымен оқушылардың оқу сауатгылығын тексеруі тиіс. Оқу сауаты төмен оқушылармен дербес жұмыс жүргізуіне тура келеді. Оқу техникасы оқулық параграфын оқушылардың кезектесіп оқуы арқылы тексеріледі. Оқулықпен алғашқы танысу оны мазмұндап, оқушылардьң нені үйренетіндігі, оқулықтың хронологиялық шеңбері туралы ұғымдарды түсіндірумен басталады.Содан соң барып мұғалім оқушыларды оқулықтың құрылымымен, жасалу ерекшеліктерімен, сұрақтар мен тапсырмалар, безендендіру және карталармен таныстырады. Алғашқы сабақтарда оқушыларға басгауыш сыныптан белгілі түсіндіре оқу тәсілін қолдануға болады. Ол тәсіл бір-бірімен тығыз байланысты оқу, түсіндіру, оқығанды толықтыру және безендендіруді талдап, әңгімелеуді қамтиды. Бүл тәсіл оқушылардың оқыған материалды игеріп, есте сақтауына көмектеседі, оның алдында әңгімелеу тәсілін қолданған тиімді. Түсіндіре оқыту кезінде азат жолдарды, оларды құрайтын жекелеген сөйлемдерді бөліп алып, олардың басты ой, мағыналық байланыстары айқыңдалады. Оқульқ бойынша тапсырма біртіндеп күрделене түседі. Оқушылар деректік материалды табуды (мысалы, кісі аттары, даталар), оларды жазып алуды; сұрақтарға жазбаша жауап дайындап, оны оқып беруді; оқулықта дайын күйінде кездеспейтін жауаптарды өз бетінше құрастыруды үйренеді. Оқулық оқушыларға үй тапсырмасын тексеру кезінде қажет болады. Сұрау кезінде олар кітаптан анықтама іздеп, жолдастарының жауабын тексеріп отырады. Жауап беруші оқушы да оқулықтан қажетті мәтінді оқып, өз жауабын түзете алады. Мұғалімнің ең бірінші кезектегі міндеті - оқушылардың оқулықтарының түсініксіз жерлерін, белгісіз термиидерді таба білуге үйрету. Оқушыларды белгісіз сөздер мен терминдерді қалт жібермей, олардың түсінігін анықтама, сөздіктен немесе мүғалім баяндауынан іздеуге баулудың маңызы зор. Жоғары сыныптарда оқушылар сөздік түрлерін өздері жасайды. Оқулық дараграфымен оқушылардың жүргізетіні жүмыстарын ұйымдастыруда мынадай жадынаманы қолдануға болады:
1. Параграфты түгел оқып шық, ондағы оқиғалар мен қүбылыстар туралы тұтас үғым қалыптастыр. Карта, сұлба, безендендіруді мүқият қарап шық.
2. Әсіресе оқулықта ерекшеленген деректер, түжырым, идеяларғабаса назар аудар.
3. Кеңейтілген жоспар жаса, ол үй тапсырмасын орындауды жеңілдетеді.
4. Сабақта естігеніңді параграф материалдарымен байланыстыр.
5. Тақырып бойынша не оқьғанынды, қандай фильм, экспонат көргеніңді еске түсір.
6. Қажетілігінше өткен параграфтарды қарап шық.
7. Түсінбеген сөз, мәселелер бойынша сөздік, энциклопедия көмегіне жүгін.
8. Жоспардьщ көмегімен, кейін жоспарсыз тақырып материалын мазмұнда.
9. параграф соңындағы сүрақтар мен тапсырмаларға жауап дайында Мұғалім ұсынган тапсырмаларды орында. Егер мұғалім жұмысты жаңа сыныппен бастаған жағдайда ол оқушылардың оқу әрекетінің деңгейін, негізгі дағдыларын анықтауы тиіс. Мысалы, 7 сыныпта оқушылардың оқулық мәтініндегі басты ойды анықтап, деректер мен құбылыстарды салыстыру, жинактаушы сипаттама түзе алуы айқындалады. Жаңа материалды түсіндіруде оқулықтың көмегі мол. Тақырыпы оқып- үйренубарысындамұғалімоқушыларғаата уын,сосынпараграфтың тақырыптардың аттарын оқыту; арқылы жаңа материалдың жоспарымен таныстырады. Оқулықпен жүмыста мазмұнды және нақты жауап беруге арнайы тапсырмаларды орындау көмектеседі. Ол тапсырмалар: оку мәтінінен сұраққа жауап тауып, оны дауыстап оқу; баяндау; бірнеше сұраққа жауап беру үшін материал тандау және т.б. болып келеді. Оқулықтар оқушылардың зейінін дамытуға да көмектеседі. Мысалы, түсіндіруден соң мұғалім оқушыларға оқулықтағы параграфты оқып шығып, мәтіннен қаңдай мәселені тастап кетті және одан тыс қандай материал қосты деген тапсырма береді. Мұғалім оқушыларды қорытынды жасауға үйреткенде де оқулықтың көмегіне сүйенеді. Мұғалім басшылығымен оқушылар бұрынғы бір немесе бірнеше тұжырымның негізінде жаңа қорытынды жасайды өз қорытындыларын оқулықпен салыстырады. Кейін олар қорытындыны бір-екі параграф, тұтас тақырыптар бойынша жасайтын болады да, ол тарихи құбылыс себебінің маңызы мен оқиға салдарының қорытындысына айналады. Оқушылар мұғалім жасаған қорытындының немесе әлдебір пайымдаудың дәлелдеуін оқулықтан іздейді. Мысалы, оқушылар оқулық бойынша ортағасырлық Сауран қаласының мықты бекініс болғандығын дәлелдеуі керек. Жоғары сыныптарда дәлелдеу тәсілі оқулық мазмұнының мәтіні бойынша тарихтың маңызды мәселелеріне арналғаи баламалы көзқарас, түрлі болжамдар арқылы талдау кезінде қолданылады. Төменгі сынып оқулықтарын жоғары сыныптарда өтілген тақырыпты кеңейту мақсатында пайдалануға болады. Мысалы, Англияның жаңа тарихын оқуға дайындық кезінде оқушылардың бірі ортағасырлық Англия туралы хабарлама дайындайды. Окулықпен бірге тарих сабағына ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттерді де тарту тиімді болмақ. Жоғары сыныптарда оқулық мазмұнын тереңдетуге арналған тапсырмалар беріледі. Оқушылар ғылыми әдебиетгі пайдалана огырьш, оқулықтаға деректер мен оқиғалардьң сырын ашьп және тұлғаларға сипаттама береді. Олар оқулықтағы мазмұндалған деректерді тұпнүсқа құжат негізінде жасалған мазмұндаумен салыстыра алады. Тарихқа барынша қызығатын оқушылар көркем әдебиетте баяндалған тарихи деректердің шындығьна көз жегкізуге құлшьнады. Оқушылардың тақьрыпты мұғалімнің алдын-ала түсндріруінсіз өз беттерінше оқып-үйренуі мүмкін. Мұндай жағдайда мұғалім жаңа тақырыптың материалын, сұрақтар мен тапсырмаларды алдын ала ұсынып, негізгі ережелерді қысқаша түсіндіруі мүмкін. Сабақта оқулыққа енгізілген карта үнемі пайдаланылуы керек. Қабырғалық картада көрсетілген нысанды оқулықтағы картадан іздеп табу қатар қолданылуы тиіс. Жоғары сынып оқушыларына оқиға бойынша карта құрастыруды үсынуға болады. Безендіру жүмысы. Төменгі және орта буын оқушыларының оқулық мәтінін әңгімелеп беру көп уақыт алады. Ол әңгіме байланысты және бірізді болуы тиіс. Әңгімелеу барысында окулықта безендендірулер қолданылады. Оқушыларға безендірулерді түсіндіргенде ол суреттердің нақты тарихи шындығы емес, адамдардың қиялға негізделген түсінігі, шарты сипатталып құрал екендігіне көзін жеткізу керек. . Оқушыларға безендірудің түсіндірме мәтінін оқып, оның бейнелеу сипатын анықтау (фото әлде сурет, тарихи құжат әлде қайта құрастырылған ақиқат), қайта құрастыруды қүжатты сипатгаумен салыстыру ұсынылады. Бұл тапсырманы орындауға қабырғалық картина, кино үзінді, диапозитивтерді қолдануға болады. Кейде оқушылар оқулық бойынша қаланың жоспарын пайдаланып немесе оқулықтағы безендендірулерді қолданъп қаланың сипаттамасьн құрастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |