29 сұрақ. Тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктерін атаңыз Казіргі кезенде тарихи білім берудін максаттары былай айкындалган:- окушылардын ежелгі дауірден бугінгі кунге дейінгі адамзаттын тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруї;_- тарихи білім негізінде окигалар мен емірлік кубылыстарды ой елегінен еткізе алу кабілетін дамыту;- отансуйгіштік, тарихи тажірибе,гуманизм идеялары негізінде окушылардын рухани кундылык багдарлары мен кезкарасын калыптастыру;- халыктардын тарихы мен мадениетіне кызыгушылык пен курметін дамыту.Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың өз мемлекетінің тарихына деген қызығушылығын арттыруға ұмтылу. Тарих пәнінен сыныптан тыс жұмыстың негізгі міндеттеріне мыналар жатады: оқушылардың тарихи материалды іздестірудегі дербестігін дамыту; сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері арқылы шығармашылық ойлау мен қабілеттерін; арналған іс-шараларда студенттердің патриоттық сезімін тәрбиелеу ұлттық тарих; әртүрлі тарихи дәуірлердегі оқиғаларды, тарихи тұлғаларды, мәдениет пен тұрмысты зерттеуге деген құштарлығын тереңдету; студенттердің оқу жүктемесін оңтайландыру.Сыныптан тыс жұмыстардың бұқаралық түрлеріне мысал ретінде тарихи кештер (тарих мәселелерін талқылауға болады), тарихи экскурсиялар (ең есте қалатын тарихи орындарға бару), олимпиадалар (олимпиаданың басты міндеті – дүниетанымы кең, мықты оқушыларды анықтау ғана емес. тарихи, сонымен бірге жалпы мәдени). Тағы бір маңызды аспектбұл сыныптан тыс іс-шараларстуденттер ұмтылатын деңгейді орнатуға болады. Күрделі сұрақтар студенттердің өз бетінше қызығушылығын тудыруы, оларға жаңа шекараларды көрсетуі,конференциялар.
30 сұрақ. Оқытудағы модульдік технология дегеніміз не?Оны тарих сабағында қалай қолданамыз? Модульдік оқыту технологиясы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды қолданысқа алуы. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі — жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Мектептегі білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті — оқушылардың жан-жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту. Әр мектеп білім беруді жоғары деңгейге көтеру мәселесін қолға алып, білім беру үрдісін басқару мәселесін жүзеге асыруда. Білім беру үрдісін басқару жүйесінің құрылымы жеке тұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту. Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.
Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.
Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті. Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады. Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:
1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі;
2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру,
3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.
Оқушыларға:
1) өз ойларын толқы жеткізе алмауы;
2) материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалауы;
3) нақты фактілерге мән бермеуі;
4) білімді жинақтауға мән бермеуі.
Қорытынды:
С.И.Ожеговтың пайымдауынша «Модуль дегеніміз – белгілі бір тақырып ішіндегі бөліктердің өзара топтастырылған жүйесі». Ал «технология» гректің «шеберлік» деген сөзі. Яғни, модуль — тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы.
Модульдік технология дегеніміз-білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы.