1 сұрақ. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің мәнін түсіндіріңіз Әдістеме дегеніміз методика. «Методика»


сұрақ. . Оқу дағдыларының мазмұнын сипаттаңыз. (кластер түрінде)



бет20/25
Дата21.06.2023
өлшемі0,64 Mb.
#102721
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
24 сұрақ. . Оқу дағдыларының мазмұнын сипаттаңыз. (кластер түрінде)
Сол себепті де бұл дағдыларды дамыту – қазіргі білім берудегі тренд болумен қатар, оның құрылымдық мазмұнын пысықтауды да талап етуде.

«Икемді дағдылар» - салыстырмалы түрде жаңа термин (бұл дағдылар жұмсақ немесе өтпелі деп те аталады). Бітірушінің біліктілігі мен кәсіби құзыреттеріне тікелей қатысы бар «қатты дағдылардан» айырмашылығы, икемді дағдылар әмбебап, мамандандырылған емес және көбінесе жеке қасиеттері мен әлеуметтік дағдыларымен байланысты. Қазіргі күні икемді дағдылар жоғары оқу орындарының түлектері мен жас ғалымдардың табысты кәсіби және ғылыми, өмірлік бейімделуіне жауап беруге бағытталған.

Бүгінгі таңда әлемдік үрдістерге байланысты кәсіби сала да сапалы деңгейде өзгерістер орын алуда. Жұмыс берушілер мамандардан олардың тез өзгеретін жағдайларға бейімделуіне және кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға көмектесетін жақсы дамыған икемді дағдыларды (soft skills) талап етуде. Т.А. Яркова, И. И. Черкасова бұл дағдылар маңызды білім беру нәтижесі болып табылатынына баса назар аударады, сондықтан олардың білім беру процесі шеңберінде мақсатты дамуын ұйымдастыру қажет деп тұжырымдайды. Д.Татаурщикованың пікірінше, маман мансаптық сатымен көтеірілген сайын, икемді дағдыларды (soft skills) көп мөлшерде өз қызметінде пайдалана бастайды және кәсіби дағдылар – hard kills-бұрынғыдай маңызды болмайды.

Шетелдік ғалымдардың басым көпшілігі икемді дағдыларды кейбір жеке қасиеттер тобы, дағдылар, эмоциялық интеллект, жеке басының атрибуттары және т.б. жиынтығы ретінде кеңінен қарастырады. Оның ішінде skills кәсіби қызмет үшін маңызды әмбебап дағдылар ретінде анықталады және толық мазмұнын келесі кестеден көре аламыз (кесте 1).


- Оқу дағдыларыңа, икемді дағдыларға берілген кластер0.
АвторлаАнықтама мазмұны

1 Л. К. Раицкая, Е. В. Тихонова


soft skills - кәсіби құзыреттілікті тиімді іске асыру үшін еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби емес дағдылар, жеке қасиеттер мен атрибуттар жиынтығы
2 Л. К. Сальная
soft skills - жеке тұлғаның басқа компоненттерін қолданады: «маманға кәсіби табысқа жетуге мүмкіндік беретін белгілі бір жеке қасиеттердің, эмоционалдық интеллектінің, коммуникативтік құзыреттіліктің ұштасуы. Ол адамға жұмыс орнында пайда болған жағдайларды тиімді шешуге көмектесу және оның жұмысқа орналасу аумағын кеңейту басымдылығына и
3 L. H. Lippman, R.Ryberg, R. Carney, А. Kristin
soft skills - бірнеше басқа, көп көлемді жеке тұлғаның компоненттерінің жиынтығы, яғни адамдарға олардың ортасында тиімді бағдарлауға, басқалармен жұмыс істеуге, өз жұмысын тиімді орындауға, сондай-ақ өз мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін дағдылардың, құзыреттіліктің, мінез-құлықтың, қондырғылардың, жеке қасиеттердің кең жиынтығы

4 E. Dall’Amico, S. Verona


soft skills - ерекше емес және жеке қасиеттері мен қондырғыларымен (сенімділік, тәртіп, өзін-өзі басқару), әлеуметтік (коммуникация, командада жұмыс істеу, эмоциялық интеллект) және басқару қабілеттерімен (тайм-менеджмент, мәселелерді шешу,сыни ойлау) тығыз байланысты

5 В. Шипилов


soft skills - көптеген өмірлік жағдайларда адамға қажет және пайдалы болуы мүмкін әлеуметтік-психологиялық дағдылар

6 А. Яркова, .И.Черкасова


Soft skills келесі түрде сипаттайды: бұл кәсіби салаға немесе мамандыққа қарамастан адамдардың табысты кәсіби және өмірлік өзін-өзі анықтауы үшін маңызды және қажетті әмбебап дағдылар
Қарастырылған анықтамалардың негізінде келесі soft skills сипаттамаларын бөлуге болады:
- Soft skills-бұл жай ғана дағдылар емес, өмірде де, кәсіби қызметте де кәсіби тұрғыда және өмірде жүзеге асыру мен дамуға байланысты қасиеттердің кең жиынтығы (жеке қасиеттер, зияткерлік ерекшеліктер, қондырғылар, дағдылар және т.б.).
- Soft skills жеке қасиеттер, әмбебап дағдылар, адам қызметінің тиімділігіне әсер ететін кәсіби емес және жүре қалыптасатын дағдылар деп түсініледі.
- Олар кәсіби қызметтің ерекшелігіне байланысты емес, яғни soft skills кәсіби қызметтің түрлі түрлеріне ортақ.
М. Э. Волкова олар тек өмірлік жағдайларда ғана қажет емес, сонымен қатар кез келген маманның қызметі үшін маңызды дей келе, «soft skills коммуникативтік, көшбасшылық, командалық жұмыс, қажетық, көпшілік алдында сөйлеу, «ойлау» және басқа да» [1] бөледі. Ол тек кәсіби дағдыларды меңгеру маманға өзін толық көлемде жүзеге асыруға көмектеспейтіндігін, және жақсы дамыған soft skills қажеттігін айтады.
Шетелдік ғалымдар L. H. Lippman, R. Ryberg және т. б. өз жұмыстарында «soft skills» ұғымын анықтау кезінде олардың мақсаттары мен маңызына назар аударады – адамға неге және не үшін қажеттігін біріншіден, жұмыста және өмірде табысқа жетуге мүмкіндік беретіндігімен; екіншіден, кәсіби өзін анықтаумен, дамытумен, проблемаларды шешумен байланысты кең мазмұндағы міндеттерді шешуде қолданылатындығымен, сонымен қатар жұмыс берушілер тарапынан аса бағалайтындығымен түсіндіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет