1 сұрақ. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің мәнін түсіндіріңіз Әдістеме дегеніміз методика. «Методика»


сұрақ. Тарихи фактілер мен оқиғалар салыстыру



бет18/25
Дата21.06.2023
өлшемі0,64 Mb.
#102721
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
тарихты оқыту

22 сұрақ. Тарихи фактілер мен оқиғалар салыстыру.

«Тарихи факт»
Тарихи фактінің ерекшелігі – оның қайталанбайтындығында, оны бақылаудың мүмкін еместігінде. Сондықтан, қандай да болмасын тарихи факт туралы оқушының түсінігін қалыптастыру үшін оқушының қазіргі замандағы заттар мен құбылыстар туралы білімімен байланыстыру қажет. Мысалы, Фарос маягының әлемнің 7 кереметінің бірі екендігін түсіну үшін оқушының бәрінен бұрын қазіргі заманғы маяктар туралы түсінігі болуы керек (оның үлкендігі, неден жасалғандығы, не үшін жасалғандығы және т.б.). Тек әртүрлі сипаттағы фактілерді өзара ұштастыра отырып, тарихи оқиғаның нақты образын жасап шығаруға болады. тарихты оқыту үдерісінде фактілер өткен өмірде болған маңызды байланыстар мен өмір заңдылықтарын меңгеру үшін, өзара салыстыру үшін қажет. Тарихи фактілер өте көп. Тарихты оқыту үдерісін ұтымды жүргізу үшін, оларды дұрыс топтастыра алу қажет.



«Ұқсастығы»
Оқиға мен факт – маңызды тарихи категориялар. Өзінің қарапайымдылығы- на қарамастан, бұл ұғымдарды анықтау аса күрделі. хіх ғасырдың екінші жарты- сынан бүгінгі күнге дейін тарихшылар тарихи оқиғалар мен фактілердің табиға- ты әрі мәні жөнінде пікір таластыруда.

«Тарихи оқиға»
Оқиға – орын алған, жүзеге асқан дүние, зерттеушінің назарына іліккен құбы- лыс. Тарихты көбінесе оның оқиғаларға қатыстылығымен байланысты түсінеді. Сөздіктерде тарихқа өткеннің оқиғаларын тіркейтін әрі түсіндіретін білім сала- сы ретінде немесе оқиғаларды жүйелі түрде әңгімелеу ретінде анықтама берілуі мүмкін.
Антикалық уақыттан бері тарих res gestae (іс-әрекет) – ірі саяси оқиғалар тура- лы баяндама ретінде топшыланды. Бүгінгі қоғамда «тарихшының міндеті – өт- кеннің оқиғаларын шынайы сипаттау мен түсіндіру» деген ұғым кеңірек тараған.
Тарихи білімде оқиғалардың алуан түрлі интерпретациялары бар. Шартты түрде оларды реалистік және конструктивтік деп бөлуге болады.
Кең тараған реалистік интерпретацияға сәйкес, өткен уақытта болғанның барлығының өз құрылымы бар әрі ол деректерде тіркелген. Осылайша оқиғалар тарихшы үшін «шикізат» болып саналады. 

















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет