17-сұрақ: Жалпы қызмет атқаратын органелла құрылысы: рибосомалар, жасуша орталығы, микротүтікшелер РИБОСОМАЛАР- сферикалық бөлшектер (диаметрі 20-30 нм), цитоплазмада еркін орналасады немесе ЭПТ мембраналарына бекиді; нәруыз синтезін жүзеге асырады. Рибосома біріктірілуі матрицалық РНК қатысуымен өтетін кіші және үлкен суббірліктерден тұрады. мРНК ның бір молекуласы әдетте моншақ жібі тәрізденіп бірнеше рибосоманы біріктіреді. Мұндай құрылымды полисома деп атайды. Рибосомалардың болатынын алғаш рет 1941 жылы Касперсон мен Браше атап көрсетті. Нәруыздар биосинтезін (нәруызда аминқышқылдарды қосады) іске асырады. Рибосомалар - сферикалық бөлшектер цитоплазмада еркін орналасады немесе ЭПТ мембраналарына бекиді. Рибосоманың химиялық құрамы 60% -құрылымдық ақуыздан, 40% -РНҚдан тұрады. Рибосома цитоплазмада бос күйінде де, жалғасқан түрде де, сондай-ақ барлық тірі организмдердің жасушасында кездеседі. Рибосомалар - екі орташа: үлкен және кіші өлшем бірлігінен тұрады. үлкен суббірлік – 3РНҚ, 40 молекуласы, кіші суббірлік – 1РНҚ, 30 молкуласы нәруыз биосинтезі жүреді.
Белок синтезін жүзеге асыру үшін ол алғашында мРНК жіпшесіне бекінеді де, оның тізбегін бойлай қозғалады. мРНК-ның соңына жеткен соң рибосома босайды. мРНК-ға осындай әдіспен бірнеше рибосома бірінен соң бірі бекінеді. Мұндай топты полисома деп атайды. Жасушаның цитоплазмасында орналасқан рибосомалар жиынтығы – полисомаларда меншікті қажеттіліктеріне арналған нәруыздар түзіледі, ал түйіршікті тор полисомаларында жасушадан шығарылатын және организмнің қажеттілігі үшін қолданылатын нәруыздар синтезделінеді.
Рибосома тірі организмдердің барлығынан дерлік табылған. Әр жасушада шамамен 1000 нан 10000 -ға дейін рибосомалар болады.
ЖАСУША ОРТАЛЫҒЫ-бөлінуге қабілетті барлық жасушаларда кездеседі. Жасуша орталығы екі центриольден тұрады: жаңадан түзілген және аналық, олар бір-біріне перпендикуляр орналасып диплосома құрайды. Центриольдердің тек біреуінде гана, яғни, аналығында көптеген қосымша құрылымдар болады. Олардың біреуі сатиллиттер, олардың саны тұрақты емес және центриолдің барлық ұзына бойына орналасады. Диплосоманың аналық бөлігі микротүтікшелер құру көзі болып табылады. Центриолалар қабырғасы протеинді микротүтікшелердің тоғыз тобынан тұрады. Центриолалар микротүтікшелер шығып, көмірсулардан, нәруыздардан, липидтерлен тұратын центросфера түзетін, цитоплазмасы ашықтау болатын аймақпен қоршалған. Осы ашық аймақты ЖАСУША ОРТАЛЫҒЫ деп атайды. Центириолдар ұзындығы 0,3 мкм, диаметрі 0,1 мкм цилиндр тәрізді. Ол әдетте ядро немесе Гольджи кешенінің жанында орналасады.
Центириолдардың қабырғалары ақуыз микротүтікшелерінің тоғыз тобынан тұрады. Центриолалар қабырғасы Митохондриялар жасуша ішінде орын алмастыруға қабілетті. Сондай-ақ, өздігінен екі еселенуге қабілетті, яғни бөліну арқылы көбейеді.
МИКРОТҮТІКШЕЛЕР-диаметрі 25нм, жасуша цитоплазмасында, құрылымдық элементтерде, митотикалық ұршық пен центриольдерде кездеседі.
Микротүтікшелер – жасушаның цитоқаңқасын түзуге қатысатын құрылымдар. Олар тек цитоқаңқаға тірек қызметін атқарып қана қоймай, сонымен қатар оның сыртқы пішінінде қалыптастырады. Олар цитоплазмада, жалған аяқтар мен кірпікшелерде, митотикалық ұршық пен центриольдерде кездеседі, тубулин нәруыздарынан тұрады. Микротүтікшелер жасушалардағы центросома центриольдерін, базальды денешікті, кірпікшелер мен талшықтарды жасауға қатысады. Олар клетканың митоздық бөлінуі кезінде центриольдер аралықтарындағы бөліну ұршығын түзеді. Микротүтікшелер тубулин протеинінен құралған және жасуша қанқасын (цитоқаңқаны) түзіп, оған тіректік қызмет атқарумен қатар, оның сыртқы пішінін де анықтайды. Микротүтікшелер мен микрофиламенттер жануарлар мен өсімдіктердің барлық клеткаларында байқалған. Микротүтікшелер нейроглияның, көздің тор қабығының, мезенхиманың, эндотелийдің, нерв, бұлшық ет, эпителий клеткаларында және секрет бөлуші клеткаларда болатыны анықталған. Микротүтікшелердің кең таралуына байланысты оларды барлық клеткалардың тұрақты компоненті деп қарастыруға болады. Бактериялар мен басқа прокариондарда болмайды. Микротүтікшелер клетканың ішкі тірегін кұрайтын және оның пішінін, сақталуын қамтамасыз ететін цитоқаңқалық кұрылым болып есептелінеді.
Микротүтікшелердің негізгі қызметі- жасушаға белгілі бір пішін беру; бөліну шпинделін қалыптастырады; хромосомалардың жасуша полюстеріне дивергенциясын қамтамасыз етеді; жасушалық органеллалардың қозғалысына жауап береді; жасушаішілік тасымалдауға, секрецияға, жасуша қабырғасының түзілуіне қатысады; - кірпікшелер, флагелла, базальды денелер мен центриолалардың құрылымдық компоненті.
Микротүтікшелердің оң ұшы өседі, яғни тубулин нәруыздары қосылып отырады, ал теріс ұшында тубулин тұрақтанады, ыдырайды. Жалпы микриотүтікшелердің екі түрі бар: сәулелі және полярлы. Сәулелі микротүтікшелер – центриоля айналасындатүзілетін қысқа өсінділер болып келеді, ал поляплы микротүтікшелер болса ұзын және олар жасушалардың қарама-қарсы полюстерін байланыстыру қызметін атқарады.