14-сұрақ: Гликокаликстың құрылысы мен қызметі Гликокаликс-барлық жасушалардың плазмолеммаларымен тығыз байланысып, олардың сыртқы жарғақ үсті қабатын (орташа қалыңдығы 3-4нм) құрайды.
Гликокаликс — тарамдалған тым жіңішке күрделі көмірсулар — гликопротеидтер мен гликолипидтер жіпшелерінен тұрады. Гликокаликсте жасуша плазмолеммасының сыртындағы күрделі молекулалы протеиндерді, майларды, көмірсуларды қорытып, оларды өздерінің қарапайым мономерлеріне айналдыратын ферменттер болады.
Жасушаның ішкі мембраналарына қарағанда плазмолемма холестеридке бай . Плазмолемманың бір ерекшелігі оның сыртында көмірсулардан тұратын гликокаликс қабаты болады . Бұл қабаттың қалыңдығы 3-4 нм-дей болады.
Гликокаликс . Плазмолемманың сыртқы бетін гликокаликс қаптайды . Гликокаликстің қалыңдығы жасушаның әр бетінде 7,5 - тен 200 аралығында ауытқиды . Гликокаликс — мембрана ақуыздарымен байланысқан молекулалар жиынтығы . Бұл молекулалар құрамы жағынан полисахаридтер , гликолипидтер және гликопротеиндер тізбектері болып келеді . Гликокаликсте арнайы рецепторлар неғұрлым көп болса , жасуша арнайы сигналды заттарға соғұрлым белсенді жауап қайтарады . Егер гликокаликсте сыртқы заттар мен байланыстыратын арнайы молекулалар болмаса , жасуша ешқандай реакция бермейді . Сонымен , гликокаликс плазмолеммамен қатар , беттік кешеннің барьер қызметін де атқарады . Сонымен , биологиялық мембраналар жасушаны тек қана сыртқы ортадан бөліп коймай сондай - ақ қызметтік ерекшеліктері бар , жеке - жеке аймақтарға – компартменттерге (бөлімшелерге) бөледі . Гликокаликс ластанған кезде энтероцит беткейін тазарту үшін ол ажырайды. Патология кезінде жасуша гликокаликстен ұзақ уақыт ажырағанда , қабырғалық ас қорыту үрдісі бұзылады . Гликокаликс молекулалық елеуіш және ион алмастырғыш қызметін атқарады . Гликокаликсте электр зарядтары ( катиондар мен аниондар ) болғандықтан , олар ион алмастырғыш болып табылады . Бір сөзбен айтқанда , энтероциттің мембрананың бетінде орналасқан орта үшін гликокаликс талғамды өткізгіш пен стерильділікті қамтамасыз етеді.