1-сұрақ: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология


в ) Рецептор арқылы жүзеге асатын эндоцитоз



бет23/30
Дата27.09.2023
өлшемі2,67 Mb.
#111029
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
в ) Рецептор арқылы жүзеге асатын эндоцитоз – бұл кезде жасушаға енгізілетін заттар алдын ала плазмолемма бетіндегі рецепторлармен байланысып , содан кейін жасушаға енгізіледі . Бұл үдеріс әсіресе иммундық реакцияларда жиі кездеседі . Рецепторлар арқылы жүзеге асатын эндоцитозда алғаш плазмолемма бетіндегі рецептор лигандамен байланысып , жиекті шұқыр пайда етеді . Содан кейін ол жиекті көпіршікке айналады . Жиекті көпіршік цитоплазмаға еніп эндосомамен қосылады .
2 ) Экзоцитоз - түйіршіктердің және ірі молекулалы қосылыстардың жасушадан шығарылуы . Оның 2 түрі белгілі :
а ) секреция
б ) экскреция
Экзоцитоздың ең жиі кездесетін эдісі - секреция , яғни еріген заттардың (ірі не ұсақ молекулалық ) секреторлық көпіршіктер арқылы сыртқа шығарылуы . Жасушалардың секреторлық қасиеті туралы көптеген деректер жинақталған . Құрылысы және атқаратын қызметтерінің ерекшеліктеріне қарай көптеген жасушалар түрліше заттарды пептидтік гормондарды , асқорыту ферменттерін, антиденелерді , сарысу ақуыздарын , өсу факторларын және секреторлық молекулаларды өндіреді . Фибробластар базалдық мембрананың негізгі компоненттері каллоген , ламинин және фибронектин сияқты заттарды секрециялайды . Сондықтан да кез келген жасушаларда констутивтік секреция кездеседі . Мысалы , ақуыз молекулалары мембраналық көпіршіктер арқылы Гольджидің трансторларынан плазмолеммаға жеткізіледі және онымен қосылып құрамындағы заттарды экзоцитоз арқылы сыртқа шығарады . Констутивтік секреция жасушада үнемі жүзеге асатын және ешқандай сыртқы сигналды , Са2+, ионының болуын қажет етпейтін үдеріс . Ал , эндокриндік және экзокриндік жасушаларда және нейрондарда реттелуші секреция кездеседі . Бұл жасушаларда секреторлық ақуыздар біршама уақыт ( бірнеше сағат немесе тәулік бойына ) ірі секреторлық гранулалар ( дм. 0,05мкм ) құрамында , экзоцитозға арналған сыртқы сигналдар арқылы ( гормондар , нерв импульстері ) жасушаның активтенуіне дейін жинақталады . Сыртқы сигналдар әсерінен цитоплазмаға мембрана аркылы Са2+, иондары көптеп өтеді және оның концентрациясы 1 мкм - ге дейін көбейеді . Ал , бұл бірнеше жасушаішілік эффекторлық молекулалардың активтенуіне ұласады да , нәтижесінде секреторлық гранулалардың плазмолеммамен қосылуына жөне гранула ішіндегі заттардың сыртқа шығарылуына алып келеді .
Экскреция - дегеніміз қатты түйіршіктердің жасушадан шығарылуы , мысалы эритропоэз аяғында торлы субстанциялардың ретикулоциттерден сыртқа шығарылуы .
ЭКСКРЕЦИЯ (шығару)-метаболизм процесінде пайда болған заттардың денеден шығарылуы. Экскреция деп метаболизм процестері кезінде пайда болған қалдықтардың организмнен шығару процесі. Сондықтан асқазан -ішек жолынан қорытылмаған заттарды шығару экскреция болып табылмайды. Организмнен шығарылатын негізгі қалдықтар - көмірқышқыл газы мен глюкозаның ыдырауындағы су, амин қышқылдарының өңделуінен несепнәр, тұздың шығарылуы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет