Инициаторлық кодон- ол барлық а-РНҚ-ларда бірдей –АУГ және метионин аминқышқылын анықтайды (код - инициатор).
нициаторлық кодоннан кейін а-РНҚ –ның негізгі бөлімі –мағыналы кодтаушы (трансляцияланатын) учаске, яғни полипептид тізбегі туралы ақпарат жазылған учаске, орналасқан.
а-РНҚ-ның-кодтаушы бөлімінен кейін кодон терминатар -3 мағынасыз кодонның –УАА, УАГ не УГА біреуі орналасқан.
Кодон терминатордан кейін 3`- трансляцияланбайтын учаске орналасқан, оның ұзындығы 5` -трансляцияланбайтын учаскеден әлде қайда ұзын.
Барлық пісіп жетілген эукариоттар а-РНҚ-сының (гистондық а-РНҚлардан басқалары) 3` ұшында 150-200 нуклеотидтерден тұратын поли- (А) –фрагмент орналасқан.
3`–трансляцияланбайтын және поли-(А) фрагмент а-РНҚ молекулаларының тіршілік ұзақтығын реттеу қызметін атқарады, себебі а-РНҚ молекуласының бұзылуы 3` ұшынан бір-бірлеп нуклеотидтердің үзіліп түсіп қалуы арқылы жүреді.
а-РНҚ нуклеотидтерінің жалпы саны бірнеше мыңға жуық, оның ішінде кодтаушы учаскесіне тек 60-70% нуклеотидтер ғана тиісілі болады. Жасушада а-РНҚ-лар барлық уақытта ақуыздармен байланысып информосомалар деп аталатын кешен пайда етеді.
24-сұрақ: Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі. р-РНҚ кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері құрылысы.
РНҚ-да ДНҚ сияқты полимер-сызықты полинуклеотид, ал мономерлері болып рибонуклеотидтер саналады. РНҚ нуклеотидтерінде рибоза, 4 азоттық негіздер-А, Г, Ц, У, бір фосфор қышқылының қалдығы кездеседі. Нуклеотидтер 5 1 , 3 1 – фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланысқан.
РНҚ – негізгі қызметі ДНҚ-дағы сақталынған ақпаратты көшіру, ақуыз биосинтезін қаматамыз ету.
РНҚ атқаратын қызметі мен құрылысына қарай 3 түрге бөлінеді:
Ақпараттық РНҚ – а РНҚ
Тасымалдаушы РНҚ – т РНҚ
Рибосомалық РНҚ – р РНҚ
Рибосомалық РНҚ – рибосома құрамына кіреді. Бұл р-РНҚ ядрошықта түзіледі. Қызметі: нәруыз синтезіне қастысады және құрылымдық материал болып табылады. РНҚ молекулаларының жиынтығының 85%-пайызын кұрайды.
Рибосомалық РНҚ-лар рибосома субъединицаларының (үлкен және кіші) құрамына кіреді. Олардың 4 түрі белгілі: 5S-р РНҚ, 5,8S-р РНҚ, 18S-р РНҚ, 28S-р РНҚ. Рибосоманың кіші бөлшегі 18S-р РНҚ – ның 1 молекуласынан және 30 ақуыз молекулаларынан құралған. Рибосоманың үлкен субъединицасы (бөлшегі) - 3 әртүрлі рРНҚ молекулаларынан-5S-р РНҚ, 5,8S-р РНҚ, 28S-р РНҚ және 45 ақуыз молекулаларынан тұрады. РРНҚ молекуласының ерекшелігінің бірі-гуанин (Г) және цитозин (Ц) сияқты азоттық негіздерінің мөлшерінің басқаларына қарағанда әлде қайда көп болуы. Сонымен қатар минорлық нуклеотидтер де жиі кездеседі, мысалы рибоза бойынша метилденген нуклеозидтер. Р-РНҚ-ның екінші реттік құрылымында қостізбекті учаскелер және ілмекшелер де көптеп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |