1-сұрақ: Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



бет28/30
Дата27.09.2023
өлшемі2,67 Mb.
#111029
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Мб Мг 1 рубежка (1)

Глоссарий №1

    1. Жасуша – бұл организмнің құрылымдық бірлігі.

    2. Гликокаликс – бұл протеиндер мен гликолипидтер құрамында плазмалемманың сыртқы бетіне бекінген олигосохаридтер мен полисохаридтер молекулалары.

    3. Қосындыларцитоплазманың қоректі заттары, жасушадан шығарылуы керек өнімдері, балласты заттар қызметін атқаратын тұрақсыз компоненттері.

    4. Органеллалар – бұл цитоплазманың жасушада өмірлік маңызды қызметтер атқаратын тұрақты құрылымдары.

    5. Цитоқаңқа - нәруыз жіпшелерінің эукариотты жасушалардың белгілі бір форманы сақтау қабілетін, сондай-ақ, жасушаның өзінің де, жекелеген органеллалардың да бағытталған және координацияланған қозғалысын қамтамасыз ететін күрделі үш өлшемді торы.

    6. Плазмидалар – бұл бірнеше мың нуклеотидтік жұптан тұратын сақиналы фрагменттер.

    7. Секреция (жасушадан еріген қосылыстарды шығару).

    8. Экскреция (жасушадан қатты бөлшектерді шығару).

    9. Рекреция (қатты бөлшектерді жасуша арқылы тасымалдау, яғни фагоцитоз бен экскреция қосындысы).

    10. Қарапайым диффузия. Зат ешкімнің көмегінсіз тікелей, липидті қосқабат арқылы, АҮФ энергиясын жоймай компартменттің үлкен концентрациясынан аз концентрациясына (концентрация градиенті бойынша) диффузияланады.

    11. Эндоцитоз – бөлшектерді плазмалық мембрана бөлігімен бірге сыртқы ортадан жасушаға тасымалдау.

    12. Фагоцитоз - вирустар, бактериялар немесе жасуша сынықтары сияқты қатты бөлшектерді жұту.

    13. Экзоцитоз - (бөлшектердің жасушалардан шығарылуы).

    14. Белсенді тасымалдау Заттардың белсенді тасымалдануы өз концентрациясы градиентіне қарсы, АҮФ энергиясын жұмсау арқылы (сорғыш деп аталатын АҮФазалар) интегралды тасымалдаушы нәруыздар арқылы жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет