• б) Егер жасушада теломераза болса, үзілген хромосома ұштарын
тұрақтандырады.
3) Гендердің экспрессиялануына әсер етуі.
• Теломераға жақын орналасқан гендер экспрессиясы төмен болады
(репрессияланған),мұны транскрипциялық үнсіздік немесе
сайлинсинг деп
атайды.
• Теломердің айтарлықтай қысқаруы оларға жақын орналасқан гендерді
активтендіреді, мысалы Rap 1 не TFR 1гендердің активтенуі.
4) «Есептеу» қызметі.
• ДНҚ-ның теломерлік бөлімдері теломеразасыз жасушаның бөлінуін есептеп
отыратын репликометр болып табылады. Жасуша үшін оның қанша рет
бөлінгеніне қарағанда, теломера ұзындығының сындарлы деңгейіне дейін
қанша рет бөлініп қалғаны маңыздырақ. Сондықтан теломера – жасушаның
теломеразасыз қанша рет бөліне алатынын есептейтін құрылым болып
табылады.
Теломера ұзындыгы сындарлы деңгейге жеткенде ол өзінің жоғарыда
аталған қызметтерін атқара алмайды, сондықтан да жасуша циклы бұзылып
өледі.
Сондыктан да, барлык жасушаларда немесе тек эмбриональдық
жасушаларда, ДНҚ -ның толық репликацияланбаған учаскелері қалпына
келуі кажет. Бұл кызметті теломеразалар атқарады.
Теломераза - теломердің ұзындығын қалпына келтіретін
фермент.Теломераза тек ұрықтық жасушалар мен ісіктік жасушаларда ғана
болады, ал сомалық жасушаларда теломераза болмайды.Сондықтан әр
клетканың әр бөлінуінен кейін теломер ұзындығы қысқарып
отырады,нәтижесінде оның өліміне әкеліп соқтырады.
Егер жасушада
теломераза болмаса, оның әрбір бөлінуінен кейін хромосома (ДНҚ)
қысқарып отырады.
Теломеразалар қызметі: ол қысқа, жаңадан синтезделген тізбекті ұзартпай,
ескі аналық (матрицалық) ұзын тізбекті ұзартады. Және ДНҚ-ның сызықтық
молекулаларына теломерлерді тігу арқылы, ДНҚ-ның сызықтық
молекулаларының соңдарын қайта құрайды.Сонымен қатар теломеразалар
әрбір теломералардын G -тізбегін үзартады. Теломераза қызмет атқарып
жатқан клеткалар (жыныс, ісік) еш қашан өлмейді.
Достарыңызбен бөлісу: