21-сұрақ
Мембрана арқылы заттардың тасымалдануы: активті, пассивті.
Төмен молекулалы заттарды,
соның ішінде, иондарды,
моносахаридтер мен
макромолекула мономерлерін тасымалдау екіге бөлінеді:
• Пассивті тасымалдау
Жай диффузия
Жеңілдетілген диффузия
•
Активті тасымалдау
Жай(Қарапайым) диффузия заттардың өздігінен, ешбір көмексіз,
концентрация градиенті бағытында (жоғары концентрациядан төменгі
концентрацияға) мембрана арқылы өтуі.
Бұл әдіспен
1. кіші молекулалы гидрофобтық органикалық қосылыстар(май
қышқылдары, зәр қышқылдары)
2. ұсақ, бейтарап молекулалар (Н2О,СО2,О2) өтеді.
Мембрана арқылы шектелген қуыстардың концентрация айырмашылығы
көбейген сайын диффузия жылдамдығы да пропорциональ өседі, ал
олардың концентрациясы теңессе диффузия тоқталады.
Осмос қарапайым
диффузия мысалы болып табылады. Осмос дегеніміз су молекуласының
мембрана арқылы аз концдан жоғары концға өтуі.
Жеңілдетілген диффузия жоғары концдан төменгі концға ерекше
тасымалдау ақуызы транслоказа көмегімен жүреді. Транслоказа өздері
өткізетін заттарға азды көпті сай боп келетін интегралдық ақуыздар. Осы
әдіспен тасымалданады:
1. салыстырмалы аз полярлық молекулалар (моносахаридтер,
аминқышқылдары)
2. иондар (Н+, Na+, K+, Cl-, Li+, Ca2+, HCO3-) иондық
өзекшелер(канадар) арқылы
Н2О аквапор
Белсенді тасымалдау төмен концдан жоғары концға ,
энергия жұмсау
арқылы интегралды тасымалдаушы нәруыздар арқылы жүзеге асырылады.
Энергия көзі АТФ(Na+, K+,Ca2+ сорғыштары) немесе тотығу тотықсыздану
үдерісі (митохондриялардағы Н+ ионы сорғышы) болып есептелінеді. Тағы
ерекшелігі: конц градиенті бағытында өткізілетін бір заттың (У) конц
градиенті қарама қарсы бағытта өткізілетін екінші бір затпен (Х) қабаттасып
өткізілуі. Бұл құбылыстың екі түрі бар:
Достарыңызбен бөлісу: