1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



Pdf көрінісі
бет13/28
Дата27.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#76323
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
МБМГ РК 1 ЖАУАПТАРЫ

 
14-сұрақ 
Гликокаликстың құрылысы мен қызметі 
Гликокаликс-барлық 
жасушалардың 
плазмолеммаларымен 
тығыз 
байланысып, олардың сыртқы жарғақ үсті қабатын (орташа қалыңдығы 3-4нм) 
құрайды.
Гликокаликс — тарамдалған тым жіңішке күрделі көмірсулар — 
гликопротеидтер мен гликолипидтер жіпшелерінен тұрады. Гликокаликсте 
жасуша плазмолеммасының сыртындағы күрделі молекулалы протеиндерді, 
майларды, 
көмірсуларды 
қорытып, 
оларды 
өздерінің 
қарапайым 
мономерлеріне айналдыратын ферменттер болады. 
Жасушаның ішкі мембраналарына қарағанда плазмолемма холестеридке бай . 
Плазмолемманың бір ерекшелігі оның сыртында көмірсулардан тұратын 
гликокаликс қабаты болады . Бұл қабаттың қалыңдығы 3-4 нм-дей болады. 
Гликокаликс . Плазмолемманың сыртқы бетін гликокаликс қаптайды . 
Гликокаликстің қалыңдығы жасушаның әр бетінде 7,5 - тен 200 аралығында 
ауытқиды . Гликокаликс — мембрана ақуыздарымен байланысқан 
молекулалар жиынтығы . Бұл молекулалар құрамы жағынан полисахаридтер , 
гликолипидтер және гликопротеиндер тізбектері болып келеді . 
Гликокаликсте арнайы рецепторлар неғұрлым көп болса , жасуша арнайы 
сигналды заттарға соғұрлым белсенді жауап қайтарады . Егер гликокаликсте 
сыртқы заттар мен байланыстыратын арнайы молекулалар болмаса , жасуша 


ешқандай реакция бермейді . Сонымен , гликокаликс плазмолеммамен қатар , 
беттік кешеннің барьер қызметін де атқарады . Сонымен , биологиялық 
мембраналар жасушаны тек қана сыртқы ортадан бөліп коймай сондай - ақ 
қызметтік ерекшеліктері бар , жеке - жеке аймақтарға – компартменттерге 
(бөлімшелерге) бөледі . Гликокаликс ластанған кезде энтероцит беткейін 
тазарту үшін ол ажырайды. Патология кезінде жасуша гликокаликстен ұзақ 
уақыт ажырағанда , қабырғалық ас қорыту үрдісі бұзылады . Гликокаликс 
молекулалық елеуіш және ион алмастырғыш қызметін атқарады . 
Гликокаликсте электр зарядтары ( катиондар мен аниондар ) болғандықтан , 
олар ион алмастырғыш болып табылады . Бір сөзбен айтқанда , энтероциттің 
мембрананың бетінде орналасқан орта үшін гликокаликс талғамды өткізгіш 
пен стерильділікті қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет