цитоплазмасында ттамшы және пішіні мен мөлшері әр
түрлі түйіршіктер түрінде жинақталады.
Қосындылардың жіктелуі: Трофикалық қосындылар- лецитин ооциттердегі, гликогенді, липидтердегі
барлық жасушаларда бар. Секреторлы қосындылар - секреция жасушаларындағы секреторлы
түйіршіктер (ұйқы безінің ацинозды жасушаларындағы түйіршіктер,
эндокриндік бездердегі секреторлық түйіршіктер және басқалары).
Экскреторлы қосындылар - бұл организмнен шығарылуы керек заттар
(мысалы, бүйрек түтікшелерінің эпителийіндегі зәр қышқылы
түйіршіктері).
Пигментті қосындылар - меланин, гемоглобин, липофусцин, билирубин
және басқалары. Бұл қосындылар белгілі бір түске ие және бүкіл
жасушаға түс береді. Пигментті қосындылар тек жасушалардың жекелеген
типтеріне тән (меланин меланоциттерде, гемоглобин эритроциттерде
болады).
19-сұрақ Жасуша мембранасының құрылысы. Жасуша мембранасының қызметі, қасиеттері. Мембраналық нәруыздардың негізгі түрлері. 1.Жасуша мембранасы- жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе басқа жасуша қабығынан бөлетін мембрана. Биомембрана негізгі үш компоненттен тұрады: липидтерден, ақуыздардан, көмірсулардан. Липидтер биомембрананың қаңқасын құрайды, ол амфифильді екі қабаттан, яғни гидрофильді басына және гидрофобдты ұштарынан тұрады. Мембрананың құрамында липидтерден басқа ақуыздар да кездеседі. Олардың екі түрі бар: интегральдық және перифериялық. Көмірсулар да кездеседі, бірақ олар дербес компонент түрінде емес липид пен ақуыздың құрамында кездеседі мыс, гликолипидтер, гликопротейндер түрінде кездеседі.