1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология


қосқабатты пайда ету болып табылады . Осының салдарынан тәжірибе  жағдайларында липосома



Pdf көрінісі
бет23/28
Дата27.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#76323
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
қосқабатты пайда ету болып табылады . Осының салдарынан тәжірибе 
жағдайларында липосома түзіледі . Ал егер амфифильдік липид 
молекуласының бір ғана «құйрығы » болатын болса , онда молекуланың « бас» 
бөлімі « құйрығына » қарағанда едәуір кең болады .
Бұл кезде липидтердің жинақталуы –мицелланың түзілуіне алып келеді . Бір 
мицеллада шамамен 90-100 липид молекулалары кездеседі , оның диаметрі 
5нм-ге тең .
Липосомалар және мицеллалар - жасушада заттарды тасымалдауға ең 
ыңғайлы тасымалдау формалары болып табылады , липосомалар арқылы суда 
еріген заттар , ал мицеллалар арқылы майда еріген заттар тасымалданады . 


ЭПТ дан, Гольджи аппаратынан үзіліп шығатын көпіршіктер және 
секреторлық, пиноцитоздық көпіршіктердің бәрі липосома тәрізді 
құрылымдар болып табылады . Мицеллалар біріншіден , ішектерде май 
алмасуының өнімдері сорылатын, екіншіден, бейтарап майларды, майда 
еріген витаминдерді және липидтерді қанға жеткізетін формалар болып 
табылады . 
23-сұрақ 
Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі. а-РНҚ кеңістікте ұйымдасу 
ерекшеліктері құрылысы. 
 РНҚ-да ДНҚ сияқты полимер-сызықты полинуклеотид, ал мономерлері 
болып рибонуклеотидтер саналады. РНҚ нуклеотидтерінде рибоза, 4 азоттық 
негіздер-А, Г, Ц, У, бір фосфор қышқылының қалдығы кездеседі. 
Нуклеотидтер 5 1 , 3 1 – фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланысқан. 
РНҚ – негізгі қызметі ДНҚ-дағы сақталынған ақпаратты көшіру, ақуыз 
биосинтезін қаматамыз ету. 
РНҚ атқаратын қызметі мен құрылысына қарай 3 түрге бөлінеді: 
• Ақпараттық РНҚ – а РНҚ 
• Тасымалдаушы РНҚ – т РНҚ 
• Рибосомалық РНҚ – р РНҚ 
 
Ақпараттық РНҚ – ядрода түзіледі. Қызметі: ДНҚ-дағы ақпаратты, яғни 
нуклеотидтердің орналасу реттілігін өөзіне көшіріп, комплементарлы 
принцип негізінде ақпаратты рибосомаға жеткізеді. а-РНҚ-лардың бәрі 
жасушадағы РНҚ молекулаларының жиынтығының небәрі 5%-пайызын 
ғана кұрайды.
а-РНҚ-лар қаншалықты көп болғанымен бірінің құрылысы бір-біріне 
ұксас, яғни а-РНҚ-ның сызыктық тізбегі әртүрлі қызмет атқаратын 
бірнеше учаскелерден тұрады: 
a) Кэп аймақ. Басқа РНҚ түрлерінен, басқа молекулалардан мРНҚ 
ажыратуға «көмектеседі», РНҚ стабилділігі үшін негізгі роль атқарады. 
Бірінші нуклеотид үнемі 7-метилгуанилат, ол келесі нуклеотидпен 
пиррофосфаттық байланыс арқылы байланысқан. Келесі нуклеотидтер 
рибозаның 2` орны бойынша метилденген болып келеді. а-РНҚ-ның 
мұндай құрылымы оның 5` ұшын экзонуклеаза әсерлерінен қорғайды. 
b) «Қалпақшадан» (кэп) кейін 5` – трансляцияланбайтын учаске 
орналасқан –ол бірнеше ондаған нуклеотидтер бірізділігінен тұрады. Ол 
р-РНҚ кіші бөлшегіндегі бір бөлімге комплиментарлы болады және а-
РНҚ –ның рибосомамен алғашқы байланысуын қамтамасыз етеді, бірақ 
өзі трансляцияланбайды. 


c) Инициаторлық кодон- ол барлық а-РНҚ-ларда бірдей –АУГ және 
метионин аминқышқылын анықтайды (код - инициатор). 
d) нициаторлық кодоннан кейін а-РНҚ –ның негізгі бөлімі –мағыналы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет