1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



Pdf көрінісі
бет10/28
Дата27.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#76323
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
МБМГ РК 1 ЖАУАПТАРЫ

Репликацияның аяқталуы. Жоғарыда аталған ферменттер кешені 
қызметтері нәтижесінде жаңадан синтезделген әрбір тізбектер бір-бірімен 
тығыз жанасқан көптеген фрагменттерден тұрады. Көршілес фрагменттердің 
бір-біріне жалғануы ДНҚ-лигаза ферменттері арқылы жүзеге асады. ДНҚ-
полимераза ферменттері сияқты ДНҚ-лигазалар да нуклеотидтерді 
фосфоэфирлік байланыс арқылы байланыстырады. Осылайша ДНҚ 
молекуласының негізгі бөлігі репликацияланады, ал оның ұштары, яғни 
теломерлік учаскелері, ерекше жолмен репликацияланады. Бұл үдеріске 
ерекше ферменттер теломеразалар қатынасады. 
ДНҚ молекуласының тізбектері бір-біріне антипаралель болғандықтан және 
ДНҚ синтезі тек 5„-3‟ , бағытында жүретіндіктен, репликативтік ашада 
аналық ДНҚ-ның бір тізбегі негізінде жаңа ДНҚ тізбегі үзіліссіз синтезделсе, 
екіншісі негізінде үзіліп-үзіліп синтезделінеді. Біріншісін лидерлік тізбек, ал 
екіншісін артта қалушы (кешігуші) тізбек деп атайды. Артта қалушы 


(кешігуші) тізбек негізінде қысқа, 1500 нуклеотидтерден тұратын ДНҚ 
фрагменттері синтезделінеді. Оларды Оказаки фрагменттері деп атайды. 
12-сұрақ 
Теломералық ДНҚ-ның репликациясының ерекшеліктері. ДНҚ 
ұштарының репликациясында теломера мен теломеразаның рөлі 
ДНҚ-ның теломерлік бөлімдерінің репликацияланбайтындыгын, алғаш рет 
1971ж. А.М. Оловников айтқан болатын. Мұның мәні мынада: жоғарыда 
сипатталған ДНҚ полимеразалык жүйе аналык ДНҚ молекуласының 
жіішіелерінің 3' ұшын толық репликацияламайды, яғни жанадан 
синтезделген ДНҚ тізбектері 5' ұшы жағынан қысқа болады. Себебі әрбір 
жаңа ДНҚ тізбегі кыска «РНҚ - ұйытқыдан» (праймер) басталады. Кейін ол 
ерекше нуклеазалар аркылы алынып тасталады, бірак босаган учаске 
дезоксинуклеотидтермен толтырыла алмайды, себебі ДНҚ полимеразалар өз 
бетінше («РНҚүйыткысыз») ДНҚ синтезін бастай алмайды, ол тек 
полинуклеотидті 3' ұшынан ұзартады.
ДНҚ молекуласының бір тізбегі ұзын, екіншісі қысқа ұшын үшкір ұшы 
немесе оверхенга деп аталады.
Бұл жағдай эукариоттарға тән сызықтық ДНҚ 
молекуласының репликациясы кезінде артта қалған тізбектің синтезделуі 
нәтижесінде байқалады. ДНҚ-ның үшкір ұшы тұрақсыз болады, себебі 
экзонуклеазалар ұзын ұшындағы артық нуклеотидтерді бір-бірлеп алып 
тастап, ДНҚ ұшын тұйықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет