б) Ферменттік кешеннің ең алғашқы іске кірісетін ферменті – геликаза. Ол
аналық ДНҚ-молекуласының қос ширатпасының ашылуын, ажырауын
қамтамасыз етеді.
в) Ширатпаның жазылуы суперспирализацияның пайда болуына алып келеді.
Себебі әрбір ДНҚ молекуласы бірнеше учаскелерімен ядро матриксіне
бекінген. Сондықтан бұл ширатпалар ашылғанда
ДНҚ молекуласы еркін
айнала алмай, түйіндер пайда болады. Бұл мәселе топоимераза ферментінің
қатысуы арқылы шешіледі.
Г) Геликаза, топоимераза ферменттері аналық ДНҚ молекуласының қос
ширатпасын жеке-жеке тізбектерге ажыратады. Әрбір тізбекпен ерекше SSB-
ақуыздар байланысып,
жіпшелерді керіп, күні бұрын жанасып, қос ширатпа
түзілуін болдыртпайды.
11-сұрақ
ДНҚ репликация кезеңдері. Кешігуші және бастаушы тізбектің
синтезінің ерекшеліктері
ДНҚ репликациясы 3 кезеңнен тұрады:
1. Инициация;
2.
Полимеризация;
3. Терминация.
Инициация кезеңінде бізде ДНҚ молекуласының қос ширатпасы бір-бірінен
ажырайды. Егер ДНҚ молекуласының қос ширатпасы ажырамаса, онда
репликация жүрмейді. Ең алдымен
геликаза ферменті аналық ДНҚ
молекуласынын кос ширатпасынын ашылып, жіпшелердін бір-бірінен
ажырасуын қамтамасыз етеді. Одан кейін ширатпаның ашылып жазылуы әрі
карай үлкенді-кішілі туйіндердің (суперспирализация) пайда
болуына альш
келеді. Мұның себебі әрбір ДНҚ молекуласы өздерінің бірнеше
учаскелерімен ядро матриксіне бекінген, ал бүл ширатпалары ашылған ДНҚ
молекуласының еркін айналуына мүмкіндік бермейді, сондықтан да түйіндер
пайда болады. Бұл мәселе
топоизомераза ферментінің катынасуы аркылы
шешіледі. Сонымен, геликаза, топоизомераза ферменттері аналык ДНҚ
молекуласынын қос ширатпасын жеке-жеке екі тізбекке ажыратады.
Ажырасқан әрбір тізбектен ерекше
SSB-акуыздар байланысады,
олардың
қызметі бір-бірінен ажырасқан жіпшелерді керіп, күні бұрын жанасып, кос
ширатпаның түзілуін болдырмау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: