1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



Pdf көрінісі
бет7/28
Дата27.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#76323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
МБМГ РК 1 ЖАУАПТАРЫ

Қызметі: 
1. Тұқым қуалау ақпаратын сақтау;
2. Тұқым қуалаушылық ақпаратын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу;
3. Ақуыз биосинтезі процессінде тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыру.
Қасиеттері:
1. Репарация - ДНҚ молекулаының зақымданулардан кейін өздігінен қайта 
қалпына келу қасиеті.
2. Репликацияға - ДНҚ молекулаының өздігінен екі еселену қасиеті. 
9-сұрақ 
Митохондриялық ДНҚ құрылыс ерекшеліктері. 
Митохондриялар – адамның барлық жасушаларында бірнеше жүздеген дана 
күйінде кездесетін органеллар. Олардың негізгі қызметі – жасушаны 
энергиямен қамтамасыз ету.


ДНҚ молекуласының бойында тұкым қуалаушылық ақпарат жазылған, ол 
негізінен (95%) ядрода, ал 5% цитоплазмада, митохоидрияларда, 
хлоропласттарда шоғырланған. 
1963 жылы митохондриялардың өздеріне тән геномының болатындығы 
анықталды. Ол 16 596 нуклеотидтен тұратын сақиналы жалғыз хромосомадан 
тұрады. Митохондрия геномында 2 р-РНҚ, 22 т-РНҚ, 13ақуыз гендері 
болады. Митохондриялық ДНҚ-сының ядролық ДНҚ-дан біршама 
ерекшеліктері белгілі: 
1) Гендерінде интрондар болмайды (интрон – геннің (ДНҚ- ның) 
генетикалық мәліметі жоқ бөліктері.)
2) Митохондриялық а-РНҚ-ларда 5` және 3`- трансляцияланбайтын 
бірізділіктер болмайды. 
3) Митохондрия хромосомасының ішкі және сыртқы тізбектерінің 
тығыздығы түрліше болады және оларды Н-ауыр тізбек және L-жеңіл 
тізбек дееп бейнелейді. 
4) Митохондриялық ДНҚ-сында Д-ілмек болады, ол реттеуші қызметтер 
атқарады. 
5) Н-тізбектің репликациясы мтДНҚ айнала, сағат тілі бағытында жүреді 
және ол 2/3-нен өткеннен кейін L-тізбектің репликациясы басталады 
және ол Н-тізбекке қарама-қарсы бағытта жүреді. 
6) МтДНҚ-сының гендерінің мутациялары негізінде дамитын аурулар 
Мендель заңдарынан өзгеше тұқым қуалайды. 
Митохондриялық түқым қуалаушылықтың ерекшеліктері: 
• Ауру тек насынан беріледі; 
• Ұл және қыз балаларына бірдей беріледі
• Ауру әкесі балаларына ауруды бере алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет