1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология


кодтаушы (трансляцияланатын) учаске



Pdf көрінісі
бет24/28
Дата27.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#76323
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
МБМГ РК 1 ЖАУАПТАРЫ

кодтаушы (трансляцияланатын) учаске, яғни полипептид тізбегі 
туралы ақпарат жазылған учаске, орналасқан. 
e) а-РНҚ-ның-кодтаушы бөлімінен кейін кодон терминатар -3 
мағынасыз кодонның –УАА, УАГ не УГА біреуі орналасқан.
f) Кодон терминатордан кейін 3`- трансляцияланбайтын учаске 
орналасқан, оның ұзындығы 5` -трансляцияланбайтын учаскеден әлде 
қайда ұзын.
g) Барлық пісіп жетілген эукариоттар а-РНҚ-сының (гистондық а-
РНҚлардан басқалары) 3` ұшында 150-200 нуклеотидтерден тұратын 
поли- (А) –фрагмент орналасқан. 
3`–трансляцияланбайтын және поли-(А) фрагмент а-РНҚ 
молекулаларының тіршілік ұзақтығын реттеу қызметін атқарады, себебі 
а-РНҚ молекуласының бұзылуы 3` ұшынан бір-бірлеп нуклеотидтердің 
үзіліп түсіп қалуы арқылы жүреді. 
а-РНҚ нуклеотидтерінің жалпы саны бірнеше мыңға жуық, оның 
ішінде кодтаушы учаскесіне тек 60-70% нуклеотидтер ғана тиісілі 
болады. Жасушада а-РНҚ-лар барлық уақытта ақуыздармен 
байланысып информосомалар деп аталатын кешен пайда етеді. 
 
24-сұрақ 
Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі. р-РНҚ кеңістікте ұйымдасу 
ерекшеліктері құрылысы. 
РНҚ-да ДНҚ сияқты полимер-сызықты полинуклеотид, ал мономерлері 
болып рибонуклеотидтер саналады. РНҚ нуклеотидтерінде рибоза, 4 азоттық 
негіздер-А, Г, Ц, У, бір фосфор қышқылының қалдығы кездеседі. 
Нуклеотидтер 5 1 , 3 1 – фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланысқан. 
РНҚ – негізгі қызметі ДНҚ-дағы сақталынған ақпаратты көшіру, ақуыз 
биосинтезін қаматамыз ету. 
РНҚ атқаратын қызметі мен құрылысына қарай 3 түрге бөлінеді: 
• Ақпараттық РНҚ – а РНҚ 
• Тасымалдаушы РНҚ – т РНҚ 
Рибосомалық РНҚ – р РНҚ 


Рибосомалық РНҚ – рибосома құрамына кіреді. Бұл р-РНҚ ядрошықта 
түзіледі. Қызметі: нәруыз синтезіне қастысады және құрылымдық 
материал болып табылады. РНҚ молекулаларының жиынтығының 85%-
пайызын кұрайды.
Рибосомалық РНҚ-лар рибосома субъединицаларының (үлкен және кіші) 
құрамына кіреді. Олардың 4 түрі белгілі: 5S-р РНҚ, 5,8S-р РНҚ, 18S-р 
РНҚ, 28S-р РНҚ. Рибосоманың кіші бөлшегі 18S-р РНҚ – ның 1 
молекуласынан және 30 ақуыз молекулаларынан құралған. Рибосоманың 
үлкен субъединицасы (бөлшегі) - 3 әртүрлі рРНҚ молекулаларынан-5S-р 
РНҚ, 5,8S-р РНҚ, 28S-р РНҚ және 45 ақуыз молекулаларынан тұрады. 
РРНҚ молекуласының ерекшелігінің бірі-гуанин (Г) және цитозин (Ц) 
сияқты азоттық негіздерінің мөлшерінің басқаларына қарағанда әлде қайда 
көп болуы. Сонымен қатар минорлық нуклеотидтер де жиі кездеседі, 
мысалы рибоза бойынша метилденген нуклеозидтер. Р-РНҚ-ның екінші 
реттік құрылымында қостізбекті учаскелер және ілмекшелер де көптеп 
кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет