1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата27.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#76323
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
МБМГ РК 1 ЖАУАПТАРЫ

 
25-сұрақ 
Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі. т-РНҚ кеңістікте ұйымдасу 
ерекшеліктері құрылысы. 
РНҚ-да ДНҚ сияқты полимер-сызықты полинуклеотид, ал мономерлері 
болып рибонуклеотидтер саналады. РНҚ нуклеотидтерінде рибоза, 4 азоттық 
негіздер-А, Г, Ц, У, бір фосфор қышқылының қалдығы кездеседі. 
Нуклеотидтер 5` , 3` – фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланысқан. 
РНҚ – негізгі қызметі ДНҚ-дағы сақталынған ақпаратты көшіру, ақуыз 
биосинтезін қаматамыз ету. 
РНҚ атқаратын қызметі мен құрылысына қарай 3 түрге бөлінеді: 
• Ақпараттық РНҚ – а РНҚ 
Тасымалдаушы РНҚ – т РНҚ 
• Рибосомалық РНҚ – р РНҚ 
Тасымалдаушы РНҚ – ядрода түзіледіКөлемі бойынша ең кішкентай 
РНҚ. Қызметі: цитоплазмадағы аминқышқылдарды рибосомаға жеткізеді. 
Т-РНҚ-лардың жалпы саны 40-50-ге жуық, яғни әр-бір аминқышқылына 1-
ден 5-6 ға дейін Т-РНҚ –лар болады.
Т-РНҚ молекуласы үлкен болмайды, онда жүз шақты нуклеотидтер 
кездеседі, олардың ішінде минорлық (модификацияланған) нуклеотидтер 
көптеп кездеседі-13-15 % , олар:
-гидроуридин (гУ)және псевдоуридин (пУ) ;


-инозин (И);
 -метилинозин (мИ), метилгуанозин (мГ) және диметилгуанозин 
(мГ);
-диметилуридин (м 2У). 
Бұдан басқа, т-РНҚ молекуласы бірнеше «сақиналар»-«ілмекшелер» 
пайда етуі нәтижесінде оның конфигурациясы беде өсімдігінің үшқұлақты 
жапырағына ұқсас болады.
Бұл құрылымда 4-қостізбекті және 5 дара тізбекті учаскелер кездеседі.
Минорлық нуклеотидтер комплиментарлық байланысуға қабілетсіз 
болғандықтан, олар тек біртізбекті локустарда ғана кездеседі.
Т-РНҚ-лардың келесі ерекшелігі – 3` ұшында 4 нуклеотидтен тұратын 
акцепторлық бұтақшасының болуы. Оның ең соңғы нуклеотиді-аденинмен 
(А) тиісілі аминқышқылы ковалентті байланысады. 
Т-РНҚ-лардың тағы бір маңызды ерекшелігі акцепторлық бұтақшаның 
қарама-қарсы жағында 7 нуклеотидтен тұратын антикодондық имектің 
болуы. Олардың үшеуі антикодон қызметін атқарады.
Т-РНҚ-лардың үшінші ретік құрылымы тұрақты болады. Олар ақуыз 
синтезделінетін кешенге аминқышқылдарды тасымалдап, жеткізіп отырады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет