1 сұрақ Зат алмасу туралы жалпы түсінік және ондағы ферменттердің рөлі


-сұрақ Липидтер туралы түсінік және олардың негізгі қызметтері?



бет7/52
Дата08.12.2023
өлшемі4,52 Mb.
#135044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52
7-сұрақ Липидтер туралы түсінік және олардың негізгі қызметтері?
Липидтер — (гр. λίπος, lípos — май) — барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтер – табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир,этанол) ериді. Липид гректің lipos – май деген сөзінен шыққан. Липидтер барлық тірі жасушаларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т.б.Құрылымдық. Нәруызбен бірге жарғақша құрамына кіріп, оның жартылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді.Регуляторлық. Кейбір гормондар липидтік табиғатты болады.Қорғаныштық. Жылуды сақтайды, ішкі мүшелерді қорғайды, тері астындағы май созылғыштықты қамтамасыз етеді.Жануарлар организмі үшін су көзіЭнергияны депонирлеу. 1 г май ыд
Липидтерге майлар және майға ұқсас заттар-липойдтар жатады. Олар барлық тірі клеткаларда болады және тіршілікке орайлас бірнеше маңызды қызметтер (энергия берушілік, қорғану, құрылымдылық, метаболизмдік) атқарады.
Мысалы, олар клетка мембраналарының құрамына кіреді. Клетка қабырғаларының құрамына өнетін липидтер құрылымдық липидтер деп аталады.
Липидтер ыдыраған кезде көп мөлшерде химиялық энергия макроэнергиялық қосындылар түрінде бөлініп шығады. Липидтер суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Көпшілік липидтер спирттердің, жоғары май қышқылдарының немесе альдегидтердің туындылары болып келеді.
Липидтер екі үлкен топқа бөлінеді. Қарапайым липидтің молекуласы спирт қалдықтарының және жоғары май қышқылдарынан тұрады. Бұған бейтарап майлар, стероидтар және балауыздар (воскілер) жатады.
Күрделі липид спирт қалдығынан, жоғары май қышқылдарынан және басқа бір заттардан (азоттық негіздер, фосфор қышқылы, көмірсулар және басқалары) тұрады. Оларға фосфатидтер, гликолипидтер, сульфатидтер жатады.
Липидтердің негізгі компоненті-май қышқылдары.
Бейтарап майлар. Бейтарап майлар деп үш атомды глицерин мен жоғары май қышқылдарының күрделі эфирін айтамыз.
Жоғары май қышқылдары қаныққан және қанықпаған болады.
Қаныққан май қышқылдарында әдетте көміртек атомдарының жұп сандары болады, мысалы:
Май қышқылы — C3 H7 COOH
Капрон қышқылы — C5H11COOH
Стеарин қышқылы — C17H35COOH
Қанықпаған май қышқылдарында қос байланыстары бірнешеу болады:
Олеин қышқылдары — С17H33COOH
Линол қышқылдары — C17H31COOH
Линолеин қышқылдары — C17H29COOH
Арахидон қышқылдары — C19H31COOH
Егер майлардың құрамына қанықпаған қышқылдар басым болса, ондай майлар сұйық болады (мақта күнбағыс, зығыр майлары). Егер қаныққан қышқылдар басым болса, ондай майлар қатты болады (жануарлар майы-тоң май).

Майлар жануарлар мен өсімдіктер дүниесінде кең тараған. Майлар тірі организмде әр алуан міндеттер атқарады.Майлар энергетикалық материал ретінде жұмсалады, химиялық энергияның көзі. Майлардың 1 грамы организмде тотыққанда 3,3 ккал (жылу) пайда болады. Мұның өзі белоктар мен көмірсулар тотыққанда бөлініп шығатын жылудан 2 есе көп (1 г көмірсулар 4,3, ал белоктар 4,1 ккал жылу береді).


Майлар органикалық заттардың, әсіресе витаминдердің, жақсы еріткіштері. Май дәнекер тканінің қабықшаларында қор ретінде жиналып, организм мүшелерінің орнынан ығысуына және сыртқы соққыдан зақымдануына кедергі жасайды.
Майдың жылу сыйымдылық төмен. Шөлден жылу нашар өтеді, бұл дене температурасының тұрақтылығы сақтауға жәрдемдеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет