10. . Жасушаның энергиямен жабдықталуы Нуклеотидтер – нуклеин қышқылдарын құрайтын негізгі құрылымдық бірлік.Нуклеотидтер бір-бірімен ковалентті байланыс арқылы байланысқан 3 түрлі химиялық бөліктен тұрады:көміртектің бес атомы бар қант (ДНҚ молекуласында дезоксирибоза, ал РНҚ-да – рибоза);қанттың 1-көміртек атомымен ковалентті байланысқан пуриндік немесе пиримидиндік азоттық негізі. Бұл екі бөлік бірігіп нуклеозид деп аталатын құрылым түзеді. ДНҚ молекуласының құрамына пуринді негіздер – аденин (А), гуанин (Г) және пиримидинді негіздер – цитозин (Ц), тимин (Т) кіреді. РНҚ-ны да осы негіздер құрайды, тек тиминнің орнына мұнда урацил (У) болады (Т урацилден метилдік топ [–СН3] арқылы ажыратылады).Нуклеотидтердің 3-бөлігін фосфатты топтар (фосфор қышқылының бір немесе бірнеше қалдығы) құрайды. Фосфатты топтар бір қанттың 5¢-көміртегі атомымен келесі қанттың 3¢-көміртегі атомы арасында фосфодиэфирлік байланыстар құру арқылы полимерлі тізбек түзеді. Нуклеотидтерді кейде нуклеозид-5¢-монофосфат деп атайды. Мыс., аденин негізді нуклеотидті аденозин-5¢-монофосфат, гуанин негізді нуклеотидті гуанозин-5¢-монофосфат, т.с.с. Н. түссіз кристалл, суда жақсы ериді, органик. еріткіштерде ерімейді, металдармен, негіздермен тұз түзеді. Нуклеотидтер жоғары энергиялы қосылыстар болғандықтан организмдегі энергия алмасу мен жинаудағы маңызы зор.
Қызметі Нуклеин қышқылдарының екі түрі бар: дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ), рибонуклеин қышқылы (РНҚ). ДНҚ өзінің репликациясын (екі еселенуін) қамтамасыз ете алады. ДНҚ ақпараттық РНҚ (аРНҚ) синтезделуін қамтамасыз етеді және аРНҚ арқылы нәруыз синтезін бақылайды.
Нуклеотидтер құрылысы Нуклеотидтер - ДНҚ мен РНҚ-ның құрам бөліктері. ДНҚ молекуласындагы әрбір нуклеотид үш компоненттен тұрады: тимин, аденин, гуанин, және цитозин, азот қосылыстары, 5 мүшелі көміртекті көмірсулар, дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдығы. РНҚ, да көмірсулардан рибоза бар, ап азот қосылысынан тимин урацилмен алмасқан.
11.Жартылай консервативті репликация механизмі. ДНҚ репликация кезіндергі қос фосфат тобының атқаратын рөлі Жартылай консервативті репликация барлық белгілі жасушалардағы ДНҚ репликациясының механизмін сипаттайды. ДНҚ репликациясы ДНҚ шаблонының тізбегі бойында репликацияның бірнеше бастауларында жүреді. ДНҚ қос спиралі геликаза арқылы ашылатындықтан, репликация антипараллельді бағыттағы әрбір шаблон тізбегінде бөлек жүреді.ДНҚ репликациясы прокариоттардың цитоплазмасында және эукариоттардың ядросында жүреді . ДНҚ репликациясының қай жерде болатынына қарамастан, негізгі процесс бірдей. ДНҚ құрылымы ДНҚ репликациясына оңай бейімделеді. Қос спиралдың әрбір жағы қарама-қарсы (параллельге қарсы) бағытта өтеді.ДНҚ * репликациясы кезінде қос тізбекті ДНҚ молекуласы бөлініп, әрбір тізбек жаңа тізбектің синтезі үшін шаблон ретінде пайдаланылады. Осының нәтижесінде екі бірдей көшірмелердің бастапқы қос тізбекті молекуласы түзіледі . Бұл жартылай консервативті репликация деп аталады.ДНҚ репликациясы жартылай консервативті процесс, өйткені жаңа қос тізбекті ДНҚ молекуласы пайда болған кезде : Бір тізбек бастапқы үлгі молекуласынан болады. Бір тізбек жаңадан синтезделеді