1. Статика. Механикалыққозғалыс, күш, күштержүйесі, баламалыкүштержүйелері, теңәсерліжәнетеңгеретінкүштер



бет11/32
Дата21.10.2023
өлшемі71,71 Kb.
#120245
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
22.Сырғанау үйкелісі.


Сырғанау үйкеліс күші - тіреу беті реакциясының жанама құраушысы беттерінің жанасу нүктелерімен сырғанау мүмкіндігіне қарсы бағытталған шама.
Бір денені екінші бір дене бетімен қозғалтқан кезде денелердің жанасу жазықтығында олардың салыстырмалы сырғанауына кедергі күш пайда болатыны бізге белгілі. Бұл күшті сырғанау үйкелісінің күші дейді.
Мұндай күштердің пайда болуына себепші қысым мен жанасушы беттердің кедір-бұдырлылығы және үйкелісетін денелердің жанасу беттерінде пайда болатын ілінісу күші. Сондықтан, кедір-бұдырлы беттің реакция күші екі құраушыдан тұрады: үйкелісетін денелердің жанасу беттеріне ортақ нормаль бойымен бағытталатын нормаль реакция және жанама өс бойымен дене қозғалысына қарсы бағытталатын сырғанау үйкелісінің күші .Үйкеліс құбылысының барлық ерекшелігін зерттеу теориялық механика курсынан тыс жататын күрделі физика-математикалық мәселе.
Инженерлік есептеулерде үйкеліс құбылысының негізгі ерекшеліктерін сипаттайтын тәжірибелік жолмен алынған заңдылықтарды қолданады.Теоретиялық механикада үйкелісетін денелер арасындағы құрғақ үйкеліс қарастырылады.Майланбаған жанасушы беттер арасындағы үйкелісті құрғақ үйкеліс дейді. Құрғақ үйкеліс кезінде тыныштықтағы және қозғалыстағы сырғанау үйкелісітерін ажыратады. Тыныштықтағы сырғанау үйкелісі тек актив күштерге тәуелді болады.
Құрғақ үйкелісті зерттеген және оның негізгі заңдылықтарын тағайындаған француз инженері Кулон болды. Бұл заңдылықтар үйкелісетін беттердің кедір-бұдырлығы үлкен емес және олар бірін бірі майыстырмайтын кезде ғана орын алады.
23.Домалау үйкелісі.


Домалау үйкелісі деп бір дененің екінші бір дене бетімен домалаған кезде болатын кедергіні айтады.
Кедір-бұдырлы горизонталь жазықтықта жатқан радиусы R, салмағы Р дөңгелек цилиндрді қарастырайық. Егер дөңгелектің өсіне күшінен кіші күшін түсірсек , цилиндр мен жазықтықтың А жанасу нүктесінде цилиндрдің жазықтық бетімен сырғанауына кедергі жасайтын үйкеліс күші пайда болады. моменттерінің қосындысын құрсақ (бұл қосынды  -ге тең), шамасы өте аз кез келген  күшінің әсерінен дене домалай бастау керек.
Шындығында бұлай болмайды, себебі денелердің деформациялануына байланысты олар бір АВ кесіндісі бойымен жанасады .  күшінің әсерінен  реакция күші А нүктесінен  күшінің әсер ету бағытына қарай h қашықтыққа ығысады. Сонымен, цилиндрдің домалауына кедергі жасайтын ( ) қос күш пайда болады.
Домалауға кедергі жасайтын қос күш моментіне тең  шамасын домалау үйкелісінің моменті деп атайды:
күші өскен сайын h ығысу қашықтығы арта түседі де, ол өзінің белгілі бір шектік d мәніне жеткенде тепе-теңдік бұзылады, ал цилиндр домалай бастайды. Бұл жағдайда үйкеліс моменті өзінің максималь  мәніне жетеді.
d пропорционалдық коэффициентін тыныштықтағы домалау үйкелісінің коэффициенті деп атайды. d домалау үйкелісі коэффициентінің шамасы денелердің затына, беттердің физикалық күйіне тәуелді және тәжірибе жасау арқылы анықталады. Бірінші жуықтауда оны цилиндрдің бұрыштық жылдамдығына және сырғанау жылдамдығына тәуелсіз деп есептеуге болады. қатынасы көптеген заттар үшін  сырғанау үйкелісінің статикалық коэффициентінен әлдеқайда кіші, сондықтан техникада мүмкіндігінше сырғанауды домалаумен алмастыруға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет