1. Статика. Механикалыққозғалыс, күш, күштержүйесі, баламалыкүштержүйелері, теңәсерліжәнетеңгеретінкүштер



бет12/32
Дата21.10.2023
өлшемі71,71 Kb.
#120245
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
1. Статика. Механикалы оз алыс, к ш, к штерж йесі, баламалык шт

24.Қатты дененің ауырлық центрі.


Ең алдымен ауырлық центрі дегеніміз не ?
Жердің центріне бағытталған ауырлық күштерінің барлығыда жер бетіне жақын орналасқан денелердің әрбір нүктесіне әсер етеді. Сол себепті, дененің ауырлық центрі деп дененің барша нүктесінің ауырлық күшін құрайтын параллель күш жүйесінің цетрін айтамыз.
Дененің ауырлық центр табу әдістері:
1.Симметрия әдісі:Егер біртектес дененің симметрия осьі болатын болса,онда ол дененің ауырлық центрі сол жазықтықта жатады.
2.Бөліктеу әдісі: дене алдын ала ауырлық центрлері белгілі бөліктерге бөлінеді.Содан соң келесі формуламен қарастырылатын дененің жалпы ауырлық центрі қарастырылады.
Ауырлық центр координаттары мына формуламен анықталады:

Дененің А1, A2 нүктелерінде түсетін екі параллель F1 және F2 күшті қарастырайын.R=F1+F2 тең әсерлісінің әсер ету сызығы қосылатын күштерге параллель және A1A2 түзуінде жатқан С нүктесінен өтеді. С нүктесінің орнын Вариньон теоремасын қолданып анықтай аламыз.F1,F2 күштерін А1, А2 нүктелерінің айналасында бірдей α бұрышына бұрғанда, тең әсерлі күші де сол бағытта α бұрышына бұрылады және дәл сол С нүктесіне түседі. С нүктесі параллель күштердің центрі деп аталады. Кез келген күштер саны үшін де осылай болады.


Дене бөлшектеріне түсетін p1,p2 ,…p3, ауырлық күштерінің тең әсерлісін P деп белгілейміз.Оның модулі (дененің салмағы) келесідей анықталады

С нүктесі параллель ауырлық күштерінің центрі болып келеді, ол дененің ауырлық центрі деп аталады. Сонымен, АҚД-нің ауырлық центрі – денемен өзгеріссіз байланысқан дененің кеңістікте кез келген орналасуында дене бөлшектеріне түсетін ауырлық күштерінің тең әсерлі күшінің өтетін нүкте.


25.Нүкте қозғалысының берілу тәсілдері.

Кинеметика деп – материялық денелер қозғалысының геометриялық сипаттамаларын (траекториясын, жылдамдығын, үдеуін), зерттейтін теориялық механика тарауын айтады. Кинематикада денелердің қозғалысы оған әсер ететін күштерге тәуелсіз, тек геометриялық тұрғыдан зерттеледі. Дененің қозғалысы деп оның басқа бір қозғалмайтын денеге қатысты орын ауыстыруын айтады. Осы қозғалмайтын денемен байланысқан координата жүйесін санақ жүйесі деп атайды.


Теориялық механикада уақыт үздіксіз өзгеріп отыратын шама болып есептеледі. Ол дене қозғалысына тәуелсіз, кез келген санақ жүйесінде және кеңістіктің кез келген нүктесінде бірдей, қайталанбайтын, оң таңбалы скаляр шама.
Жалпы жағдайда қозғалатын дененің нүктелері әртүрлі қозғалыс жасайды. Сондықтан алдымен нүкте қозғалысын қарастырамыз.
Жүріп өткен жолымен салыстырғанда өлшемі әлдеқайда кіші денені кинематикада нүкте деп атайды. Нүкте қозғалысының негізгі кинематикалық сипаттамаларына оның траекториясы, жылдамдығы және үдеуі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет