1. Статика. Механикалыққозғалыс, күш, күштержүйесі, баламалыкүштержүйелері, теңәсерліжәнетеңгеретінкүштер


Қималар әдісі. Сырықтың көлденең қималарындағы ішкі күш факторлары



бет20/32
Дата21.10.2023
өлшемі71,71 Kb.
#120245
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Байланысты:
1. Статика. Механикалы оз алыс, к ш, к штерж йесі, баламалык шт

44. Қималар әдісі. Сырықтың көлденең қималарындағы ішкі күш факторлары.
Сырыққа (8.2,а суретті қара) теңгерілген {F1, F2, …, Fn} жүктемесі түсетін болсын. Сырықта пайда болатын ішкі күштерді, оны екі бөлікке, мысалы А қимасымен кесіп, анықтауға болады (қималар әдісі). Сырықтың бөліктері арасындағы байланыстарды алып тастағандықтан, оның бір бөлігінің екінші бөлігіне әсерін қимадағы {FА} ішкі күштер жүйесімен ауыстыру керек. А' жазықтығындағы күштер жүйесінің шамалары А" жазықтығындағы күштер жүйесінің шамаларымен бірдей, ал таңбалары қарсы болады. Ішкі күштер қима бойымен кейбір күрделі түрде таралады. Сонда оң жақ және сол жақ бөліктері үшін тепе-теңдік шарттары бөлек орындалу керек. А қимасындағы ішкі күштердің бас векторы мен бас моментін кез келген бөліктің тепе-теңдік шарттарынан анықтауға болады. Тепе-теңдік теңдеулерінен ішкі күштердің қима бойымен таралу заңын емес, тек қана олардың статикалық эквиваленттерін анықтауға болады (сыртқы күштер белгілі жағдайда). Ішкі күштер жүйесін қиманың ауырлық центріне келтірейік. Нәтижесінде бас вектор мен бас моментті аламыз. z өсін қиманың сыртқы нормалімен бағыттап және х пен у өстерін қима жазықтығында орналастырып, координат жүйесін қабылдаймыз.Бас вектор және бас моментті өстерге проекциялап, 6 құраушыны аламыз: үш күш пен үш момент, олар сырық қимасындағы ішкі күштер факторлары (ІКФ) деп аталады. N құраушысы бойлық немесе нормаль күш, Qx пен Qy – көлденең күштер, Мк моменті – бұраушы момент, ал Мх пен Му моменттері – х пен у өстеріне қатысты июші моменттер деп аталады. Сыртқы күштер белгілі болғанда, барлық ІКФ кесілген бөлік үшін құрылған 6 тепе-теңдік теңдеуден табылады. ІКФ-на сәйкес сырықтың жүктелуі түрлерге айырылады (созылу, сығылу, бұралу, иілу және т.б.). Жүктелудің түрін анықтау үшін қима әдісін қолданып, қималарда қандай ІКФ болатынын анықтау керек. Нәтижелер эпюрлер деп аталатын графиктермен кескінделеді.
45. Кернеулер, орын ауыстырулар және деформациялар туралы ұғымдар.
Ішкі күштердің қимада таралуын сипаттау үшін кернеу ұғымы енгізіледі. Сонымен, кернеу - ауданның бірлігіне түсетін ішкі күш (паскальмен өлшенеді). р кернеуін 3 құраушыға жіктеуге болады: қиманың нормалі бойымен (тік σ кернеуі) және қима жазықтығындағы екі өс бойымен (жанама τ кернеулері). Егер К нүктесі арқылы басқа қию ауданды жүргізсе, жалпы жағдайда кернеудің шамасы басқа болады. Нүктеден жүргізілген барлық аудандардағы кернеулердің жиынтығы нүктедегі кернелген күйді құрайды. Сыртқы күштер әсерінен барлық денелер де­формацияланады. Деформациялар әдетте аз болса да ішкі күштердің дене бойымен таралуына айтарлықтай әсерін тигізеді. Деформациялану кезінде дене нүктелері кеңістікте өздерінің орнын ауыстырады. Деформацияланбаған дене нүктесінен басталып, деформацияланған дененің дәл сол нүктесіне жүргізілген вектор нүктенің сызықты орын ауыстыру векторы деп аталады. Бұрыштық орын ауыстыру ұғымы келесідей енгізіледі: деформацияға дейін 2 жақын тұрған нүктенің арасындағы түзу кесінді деформация болғаннан кейін кеңістікте кейбір бұрышқа бұрылады, ол да вектормен сипатталады. Егер жүйеге, оның кеңістікте қатаң бүтін ретінде орын ауыстыруына ешқандай мүмкіншілік бермеуге жеткілікті байланыстар енгізілген болса, онда жүйе кинематикалық өзгермейтін жүйе деп аталады. МК-нде әдетте тек сондай жүйелер қарастырылады. Керісінше жағдайда орын ауыстырулардың тек қана деформациялар себебінен бола-тын бөлігі қарастырылады. Сонда көптеген жүйелер үшін кез келген нүктенің орын ауыстыруы дене өлшемдерімен салыстырғанда өте аз шама болады. Сондықтан, статика теңдеулерін құрған кезде бастапқы өлшемдер принципі бойынша өлшемдердің өзгеруі есепке алынбайды (бұдан өзгешеліктер бар). Дене өлшемдері мен формасының өзгеру қарқындылығын сипаттау үшін денені деформацияға дейін және деформация болғаннан кейін қарастырайық. А нүктесінің АВ бағыты бойымен сызықтық деформациясы немесе жәй деформациясы деп аталады. Дәл сол нүктедегі басқа бағыты бойымен алынған деформация, жалпы айтқанда, басқа болады. х, у және z өстері бойымен деформацияларды eх, eу және ez деп белгілейді.Дене ішінде OD және ОС кесінділерімен жасалған тік бұрышты қарастырайық. Дене сыртқы күштермен жүктелген сон, бұл бұрыш өзгеріп, C'O'D' мәніне ие болады. О нүктесіндегі COD жазықтығындағы бұрыштық деформация немесе ығысу бұрышы деп аталады. Координаттық жазықтықтарда ығысу бұрыштар γ уz, γ zx және γ ху арқылы белгіленеді. Нүктеден жүргізілген барлық түзулер бойымен алынған сызықтық деформациялар және барлық аудандардағы бұрыштық деформациялар жиынтығы нүктедегі деформацияланған күйді құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет