1-тақырып. Биологиялық химияға кіріспе. Биологиялық химияның даму кезеңдері. Биологиялық химияның қол жеткізген табыстары


Полисахаридтер. Крахмал, гликоген, целлюлоза, гиалурон қышқылы, гепарин. Химиялық



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата15.04.2023
өлшемі404,08 Kb.
#82742
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
лекция биохимия 2022

Полисахаридтер. Крахмал, гликоген, целлюлоза, гиалурон қышқылы, гепарин. Химиялық 
құрамы, құрылымдары, химиялық қасиеттері, қызметтері. Табиғатта таралуы, маңызы.
Полисахаридтер-мол.массасы жоғары күрделі заттар. Олар гликозидтік байланыстармен 
жалғасқан моносахаридтерден құралады. Полисахаридтерге жататындар: крахмал, гликоген 
целлюлоза, /клечатка/ инулин, гемицеллюлоза, пентозандар т.б. Кейбір полисахаридтер 
мукополисахаридтер деп аталады, олар аминосахаридтерден және
урон қышқылынан тұрады. Мукополисахаридтерге жататындар: гиалурон қышқылы, хитин,
лигнин, гепарин, т.б. Полисахаридтер өте күрделі, олардың құрамына 1000 дейін, тіпті одан да көп
моносахарид қалдықтары кіреді. Сондықтан олардың мол.массасы өте жоғары.
Крахмал-өсімдіктердің негізгі қоры болатын углевод және адамға азық-түлік, малға
жемшөп болатын аса маңызды полисахарид. Бидай, қарабидай, жүгері, сұлы, күріш, картоп сияқты
дақылдар құрамының негізгі бөлігі крахмал. Мысалы, бидай дәніндегі крахмалдың мөлшері 75- 
80%, картопта 25% болады. Жалпы формуласы /С6Н10О5 /п .
Гликогеннің де жалпы формуласы крахмалдікіндей, бірақ, мұндағы п шамасы 
крахмалдікінен азырақ. Гликоген жануарлардың полисахарид қоры. Сүт қоректі жануарларда 
гликогеннің негізгі жиналатын орыны-бауыр 10% мен бұлшық етте 0.5% , қанда 0,01-0,05%. Таза 
гликоген – ақ түсті ұнтақ, суда ериді де колоидты ерітінді түзеді. Иодпен әсер еткен кезде қызыл 
түске немесе қызыл- қоңыр түске боялады. 
Целлюлоза (клетчатка)- өсімдіктер клеткасының негізгі материалы. Мұндағы н шамасы 
бірнеше мың. Клетчатка Д- глюкоза молекуласы қалдықтарынан құралады. Таза целлюлозаның 
талшықтанған құрылымы бар және органикалық ерігіштерде ерімейді. Ол Швейсер реактивінде 
ериді. Целлюлозаның молекулалық массасы толық анықталған жоқ, шамамен 10 млн мөлшерінде. 
Химиялық реакцияда спирттік қасиет көрсетеді, қышқылдармен реакцияласып әр түрлі эфирлер 
түзеді.
Гиалурон қышқылы- жоғары сатыдағы жануарлар мен адам организімінде кездесетін аса 
маңызды полисахарид, мұны мукополисахарид деп те атайды. Гиалурон қышқылы өзара 
байланыспен жалғасқан Д- глюкурон қышқылынан және ацитил- глюкозаминнен тұратын 
дисахаридтік бірліктерден құралған. Гиалурон қышқылы- тұтқырлығы күшті желатин тәрізді зат
молекулалық массасы 10 млн шамасынан да көбірек. Бұл қышқыл белоктармен басқа да 
қанттармен байланысқан және сіңірдің сүйектің терінің құрамдас бөлігі болып табылады. 
Гепарин- сүтқоректі жануарлардың көптеген тканьдерінде кещдесетін мукополисахарид. 
Гепариннің солекулалық құрылымы сызықты келеді, кезектесіп жалғасатын дисахарид 
бөліктерінен құралады. Гепарин бауырда, өкпеде және ірі қан тамырларының қабырғасында 
болады. Ол- өте күшті антикоагулятор, протромбиннің тромбинге айналуына кедергі жасайды
сөйтіп қанды ұйытпайды. Сондықтан медицинада және мал дәрігерлік тәжірбиелерде көп 
қолданылады. Гепариннің екінші маңызды қасиеті- қан плазмасы липопротеидтерінің гидролизін 
катализдейтін липопротеидлипаза ферментін активтендіреді. 


14- тақырып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет