1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты


Дәстүрлі экономикалық жүйеде бұл мәселелер ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын салт-дәстүрлер арқылы шешіледі. Әміршіл-әкімшіл



бет14/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   95
Дәстүрлі экономикалық жүйеде бұл мәселелер ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын салт-дәстүрлер арқылы шешіледі.
Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйеде бұл мәселелерді мемлекет жоспар негізінде шешіп отырады.
Нарықтық экономикалық жүйеде бұл мәселелер сұраныс пен ұсыныс негізінде шешіледі.
Аралас экономикалық жүйеде экономиканың 3 негізгі мәселесі жартылай мемлекет, жартылай нарық механизмдері негізінде шешіледі.
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар.
1. «Меншік» категориясы нені білдіреді?
2. Меншік субъектісі, меншік объектісі, меншік құқығы деген не?
3. Меншік формасы деген не? Нарықтық экономикаға меншіктің қандай формалары тән? Олардың мәнін түсіндіріңдер.
4. Экономикалық жүйе дегеніміз не?
5. Экономикалық жүйелердің түрлері қандай?
6. Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі бағыттары қандай? Өзіңіз талдау жасаңыз.

Тақырып бойынша тест тапсырмалары.

1. Меншiк экономикалық категория ретiнде адамдардың еркi мен санасына тәуелсiз өмiр сүредi. Меншiк – бұл өндiрiс құрал-жабдығын иелену қатынасы және материалдық игiлiктердi өндiру, бөлу, айырбастау, тұтыну процесi. Бұл...


А. К.Маркстың тұжырымдамасы
Б. меншiктiң экономикалық анықтамасы
В. меншiктiң құқықтық анықтамасы
Г. меншіктің рухани анықтамасы
Д. Ф.Энгельстiң меншiкке берген анықтамасы
2. Меншiк объектiлерiн көрсетiңiз?
А. адам, заңды тұлға
Б. үй, машина, телевизор
В. мемлекет, жеке тұлға
Г. жеке және заңды тұлға
Д. заттарды иемденетiн тұлғалар
3. Меншiк субъектiлерiн көрсетiңiз.
А. кез- келген заттар;
Б. үй, машина, телевизор;
В. жеке тұлға, заңды тұлға, мемлекет;
Г. саяжай, көлік, ақша;
Д. пәтер, жиһаз, көлік;
4. ….... “табиғат” – “қоғам” – арасындағы үздiксiз байланысты қамтамасыз ететiн бiркелкi жүйе болып табылады. (көп нүктенің орнына сөз қой)
А. ұлттық экономика;
Б. жүйе;
В. мемлекет;
Г. экономика;
Д. микроэкономика.
5. Жүйенiң “кiрiс” және “шығыс” элементтерiне не жатады?
А. табиғи және еңбек ресурстары;
Б. қаржы ресурстары және пайда;
В. еңбек ресурстары және еңбек ақы;
Г. табиғи ресурстар және рента.
Д. табиғи, еңбек ресурстары және қоғамдық тұтынуға сай келетiн өнiмдер;
6. Қоғамдық экономиканың ұйымдасу нысаны, яғни шектеулi өндiрiстiк ресурстарды тиiмдi пайдалану әдiсiн тауып, шаруашылық механизмiн жүргiзу - бұл:
А. экономикалық жүйе;
Б. экономикалық мақсат;
В. жүйе;
Г. экономика;
Д. мемлекет.
7. «Не, қалай, кім үшін?» еген мәселелер қандай экономикалық жүйеге тән?
А. нарықтық
Б. кез-келген
В. әміршіл-әкімшіл
Г. дәстүрлі
Д. аралас
8. Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша меншіктің келесідей түрлері бар:
А. мемлекеттік, ұжымдық, өзіндік меншік
Б. мемлекеттік, жеке және аралас
В. жеке және мемлекеттік меншік
Г. мемлекеттік,маралас және біріккен
Д. мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншік
9. Ашықтылық дәрежесі бойынша экономикалық жүйе қандай түрлерге бөлінеді?
А. дәстүрлі және нарықтық
Б. аралас және дәстүрлі
В. әміршіл және әкімшіл
Г. ашық және жабық
Д. нарықтық және аралас
10. Ағылшын заңгері А.Оноренің «бірбуда құқығына» неше элемент жатады?
А. он бес
Б. он төрт
В. он екі
Г. он үш
Д. он бір


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет