1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты


Ұсыныс дегеніміз - бұл өндірушілердің белгілі бір бағамен сатуға шығарған тауарларының жиынтығы. Баға



бет16/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Ұсыныс дегеніміз - бұл өндірушілердің белгілі бір бағамен сатуға шығарған тауарларының жиынтығы.
Баға – құнның ақшалай көрінісі, яғни тауарлардың немесе қызметтің бір өлшемі үшін төленетін ақша мөлшері.
Бәсеке дегеніміз – бірдей өнім өндіретін немесе қызмет көрсететін кәсіпорындар арасындағы күрес.
Нарықтың атқаратын қызметтері төмендегідей:
1) баға белгілеу;
2) ақпараттық;
3) реттеу;
4) делдалдық;
5) сауықтырушы.
Баға белгілеу қызметі. Өндірушілер мен тұтынушылардың, тауарлар мен қызметтерге деген ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде нарықтағы баға қалыптасады. Бұл баға тауардың пайдалылығы мен оның өндірісіне кеткен шығындарды көрсетеді.


Ақпараттық қызметі. Әрбір нарықта қалыптасатын баға, шаруашылық қызметтің барлық қатысушыларына қажетті бай ақпаратты қамтиды. Үнемі өзгеріске ұшырайтын өнімдер мен ресурстарға деген бағалар нарыққа жеткізілетін құндылықтардың қажетті көлемі, ассортименті және сапасы жөнінде объективті ақпаратты береді. Жоғарғы бағалар ұсыныстың жетіспеушілігін, ал төмен бағалар төлем қабілеті бар сұраныспен салыстырғандағы кұндылықтардың тым көптігін көрсетеді.


Реттеу қызметі. Бұл қызметі негізінен нарықтық шаруашылық қызметтегі барлық сфераға және ең алдымен өндіріске әсер етуімен байланысты. Үнемі өзгеріске ұшырайтын бағалар іс-әрекеттердің жалпы жағдайы жөнінде ақпарат беріп қана қоймай, сонымен бірге шаруашылык қызметті реттейді. Баға өссе - ол өндірісті кеңейту, ал төмендесе оны қысқарту қажеттілігінің белгісі. Міне, осылайша нарық беретін ақпарат, өндірушілердің шығындарын төмендетіп, өнімдердін сапасын жаксартуға итереді. Яғни, нарықты «көрінбейтін қол» ретке келтіреді. Бірақ, шаруашылық өмірдің реттеушісі бола отырып, нарық барлық макроэкономикалық процестерді реттей алмайтындығын бірнеше рет танытты.


Делдалдық кызметі. Нарық өндіруші мен тұтынушы арасында делдал бола отырып, оларға сауда саттықтың ең тиімді нұсқасын табуға мүмкіндік береді. Яғни, дамыған нарықтық экономика жағдайында тұтынушы тиімді жабдықтаушыны таңдау мүмкіндігіне, ал сатушы өз кезегінде, өзіне ұнамды сатып алушыны тандау және онымен келісім-шарт жасасу мүмкіндігіне ие.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет