Қаржы институттарына несие өтінімдерін беру үшін мыналар қажет:
ЖК банктік шотының деректемелері
ЖК қолының түпнұсқалығы
Қаржы институттарына несие өтінімдерін беру үшін мыналар қажет:
Қарыз алушының жеке куәлігі
ЖК тіркеу туралы талон
Мекенжай анықтамасы
Лицензия, рұқсат, хабарландыру
Неке куәлігі
Жұбайының жеке куәлігі
Жұбайының мекенжай анықтамасы
Қарыз алуға жұбайының нотариалдық келісімі (сома)
Кепіл шартын жүзеге асыруға жұбайының нотариалдық келісімі
Жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттар
ЖК банктік шотының деректемелері
Банктік қарыз шартының ерекшеліктері (несие беру туралы):
Қарыз беруші – «АШҚҚҚ» АҚ, Несие серіктестіктері, ШНҰ
Қарыз заты – тек ақша.
Шарт жазбаша нысанда жасалуы тиіс. Жазбаша нысанның сақталмауы банктік қарыз шартының жарамсыздығына алып келеді.
Қағидаттары: төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілушілік, нысаналы пайдаланылуы.
«Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 мамырдағы №151-VІ Заңына қысқаша түсінік берейік.
Жер реформасы жөніндегі комиссия іс-шараларының нәтижесінде 2016 жылғы 6 мамырдағы Президент Жарлығы және тиісті заңдармен 2021 жылғы 31 желтоқ- санға дейін Жер кодексінің нормалары бойынша қазақстандықтарға жеке меншіктегі ауыл шаруашылығы жерлерін беру және шетелдіктерге жалға беру туралы нормалар енгізілді.
Шетелдіктерге ауылшаруашылығы жерлерін беруге тыйым салу мораторийі нормасына толықтыру ретінде Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 мамыр- дағы Заңымен жарғылық капиталына шетелдің кез келген мөлшерде қатысуымен бірлескен кәсіпорындарға жалдау үшін ауылшаруашылығы алқаптарының берілуі- не тыйым салынды.
Заңда:
қазақстандықтарға ауылшаруашылығы жерлерін жалға беру бойынша норма- ларды сақтау және жетілдіру;
жалға берілетін ауылшаруашылығы жерлерінің шекті (ең жоғары) көлемін бел- гілеу;
шекаралық аумақтардағы ауылшаруашылығы жерлерін беруге талаптарды күшейту;
халықтың жайылымдық жерлердегі қажеттіліктерін қанағаттандыру;
жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер- ге бөлу туралы айтылған.
Заң, ең алдымен, қазақстандықтардың ауылшаруашылығы жерлерін жалдау ин- ститутын сақтауға және одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Осы үшін Жер кодексі ауылшаруашылығы жерлерін конкурстық негізде жалға беру тәртібін регламенттейтін жаңа 43-1-баппен толықтырылды.
Белгіленген тәртіпке сәйкес, жер телімдері әкімдіктер бекіткен конкурсқа қойылған жер телімдерінің тізбесімен, қоғамдық кеңеспен және үкіметтік емес ұйымдармен келісе отырып беріледі. Атап айтқанда, конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесі келісетін органдар мен ұйымдардың (қоғамдық кеңестер, АӨК саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, жергілікті өзін өзі басқару органдары) жалпы санының кемінде төрттен бірі оң қо- рытынды жасаған жағдайда келісілген болып саналады.
Конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін жер комиссиясының құрамы са- лалық қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық кеңестердің, Ұлттық кәсіпкерлер палата- сының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдерін комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 50% -ын қамтуды көздейді.
Жариялылықты және оның барлық әлеуетті қатысушыларының конкурсқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәртіп бұқаралық ақпарат құрал- дарында, сондай-ақ әкімдік пен Ауылшаруашылығы министрлігінің ресми интер- нет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарламаны жариялауды көздейді, сон- дай-ақ хабарлама облыстың барлық аудандық әкімдіктеріне ақпараттық стендтер және ресми сайттарда жариялануы үшін бір мезгілде жіберіледі.
Конкурсқа қатысудың міндетті шарты қатысушы тараптың конкурстық ұсыныс беруі болып табылады, оған мыналар кіреді:
ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу бизнес-жоспары;
шаруашылықта жер ресурстарын басқару жобасын әзірлеу мен игеру бойын- ша міндеттемелер;
жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орнын құру бойынша міндеттер;
- Аймақтың мамандануына сәйкес егістік алқаптар құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау бойынша міндеттемелер.
Бұл талаптар жер учаскелерін тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында бел- гіленеді.
Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды бақылауды күшейту мақсатында Заңда үнемі мониторинг жүргізу қарастырылған: алғашқы жалға алынған 5 жылда – жыл сайын, кейінгі кезеңде суарылатын егістік жерлерде әр 3 жыл сайын, богарлы жер учаскелерінде әрбір 5 жылда.
Мониторинг көрсеткіштері: жер учаскесінің мақсатты тағайындалуы, өнімділік деңгейін сақтау, егіс айналымын қадағалау, арамшөптердің қаулап кетуіне жол бермеу және т.б., жерді қорғау шараларын жүргізу және жалдау шартының талап- тарын орындау болып табылады.
Мониторинг тәртібін Ауыл шаруашылығы министрлігі белгілейді және жер қа- тынастары, ауыл шаруашылығы, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер өкілдерінен тұратын комиссия жүзеге асырады.
Мониторинг нәтижелері жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту үшін негіз бо- лады.
Бұдан басқа, Заңда, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды кү- шейту мақсатында, ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалануға мемлекет- тік бақылауды жүзеге асыруға құзыреті бар өңірлік атқарушы органдарды бөлуді көздейді.
Сондай-ақ солтүстік өңірлерден алынған ұсыныстар бойынша ауыл шару- ашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбау мерзімдерін есептеуде әртүрлі тәсіл ұсынылады. Жер кодексінің 94-бабында көзделген тәртіппен жер учаскесін алу ресімін субъектіге қатысты екі жыл ішіндегі екі тексерістен кейін бастауға бо- лады.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану бойынша міндеттемелерді орындау үшін бірыңғай талаптарды белгілеу мақсатында, тиісті шарттарды жасаған кезде жергілікті атқарушы органдар үшін бағдар болатын жер учаскесін жалдау шартының үлгілік нысаны бекітілді.
Жер учаскесiн жалдау шартының талаптарын орындамау оны заңда белгiленген тәртiппен тоқтатуға негiз болып табылады.
Сондай-ақ, ауылшаруашылық алқаптарының едәуір учаскелерін «бір қолға» бе- руді алып тастау үшін, Заңда әрбір өңірдің әкімшілік аудандарында (қалаларында) жердің пайдалануына қарай жалға берілген ең көп ауыл шаруашылығы жерлерін белгілеу қарастырылған.
Олардың мөлшері жергілікті өкілді және атқарушы органдардың ұсынысы бо- йынша Үкіметпен бекітіледі.
Осылайша, конкурсқа қатысатын жер тізіміне енгізілетін жер учаскелері бел- гіленген ең жоғары өлшемнен аспауға тиіс.
Бұдан басқа, шекараға шектес аумақтарда жер учаскелерін беру талаптары кү- шейтілді.
Осылайша, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету үшін жер учаскелерін беру жағдайларын қоспағанда, шекара белдеулерінде орналасқан жер учаскелерін беруге толық тыйым салу ұсынылады.
Бұл аумақтарда жеке ауыл шаруашылығы алқабын кез келген күрделі құрылыс- ты салу құқығынсыз мал жайылымына және шабындық үшін пайдалануға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының шекаралас аймағын- да орналасқан жерді беру бөлігінде тек ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге ғана шектеулер көзделеді: бұл жер шетелдіктермен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы- ның азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына жалға алу құқығымен берілетін болады.
Сонымен бiрге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының маңында орналасқан жер учаскелерi шетелдiктердің, шетелдiктермен некеде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының (ерлі-зайыптылар), сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалардың және шетелдiк қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының меншік құқығына тиесiлi болмайды.
Бұл шаралар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Қазақстан Республи- касының аумақтық тұтастығын сақтауға бағытталған.
Жеке шаруашылықтың мал жайылымы үшін жайылымдық жерлердің жетіспеу- шілігі проблемаларын шешу үшін Заңда нормалар көзделген, соған сәйкес ха- лықтың жеке шаруашылығы қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті жайылым- дық учаскелер елді мекендердің айналасында анықталады.
Бұл аумақтарда Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына жалға беруге тыйым салынған.
Бүгінгі күні елді мекендердің айналасындағы жайылымдардың бір бөлігі жеке тұлғалардың меншігінде және пайдалануында екенін ескере отырып, әкімдерге оларды халықтың жайылымдық жерлердегі қажеттіліктерін мемлекеттің қажет- тіліктеріне жатқызу арқылы алып алу мүмкіндігі беріледі.
Бұдан басқа, Заңда жерді беру ресімінің ашықтығы мен мөлдірлігіне бағыт- талған шаралар көзделген.
Жергілікті тұрғындардың жерді бөлудегі қоғамдық пікірін ескеру үшін жер- гілікті комиссияның құрамы жергілікті өзін өзі басқару және қоғамдық өкілдер- мен, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың (агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс, жер қойнауын пайдалану және т.б.), Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кеңейту, оның құрамының жалпы санының кемінде 50% кем емес.
Сонымен қатар, жер телімдерін алған тұлғалар тізімі арнайы ақпараттық стенділерде орналастырылады, ЖАО мен тиісті өкілетті органның интернет- ресурстарында ай сайын, сондай-ақ аудан аумағы, қалада таралатын мерзімді баспа басылымдарында тоқсанына бір рет жарияланады.
Сондай-ақ, жер телімін жалға беру мерзімін жаңа мерзімге ұзарту бойынша түзетулер енгізілді, оның мерзімін ұзартуды әкімдіктер жер комиссиясының қа- растыруынсыз қабылдайды (жер учаскесiн жалдау туралы шарт бойынша мiн- деттерiн тиiсiнше орындаған және жер учаскесi шекараларының өзгермейтiндiгi жағдайында).
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕКСЕРУ
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіп- керлік кодексімен реттеледі. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастар (129-бап)
Кәсіпкерлік кодекспен мыналар белгіленеді:
бақылау және қадағалау органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді жүргізу тәртібі;
тексерулерді жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдарының өзара әрекеттесу тәртібі;
бақылау және қадағалау жүргізу кезінде тексерілетін субъектілердің құқықта- ры және міндеттері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша шаралар;
тексерулерді жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының құқықтары және міндеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |