1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері. Мақсаты



бет47/95
Дата25.11.2023
өлшемі1,37 Mb.
#126988
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   95
Байланысты:
oak ezhkn paninen

Тексеру түрлері (144-бап)
Тексерудің мынандай түрлері бар:

  1. тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер;

  2. жоспардан тыс тексерулер.

Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлға- лардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 141- бабы 2-тармағының төртінші бөлігінде айқындалған мемлекеттік бақылау және қа- дағалау салаларында тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты бақылау және қа- дағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты тағайындайтын тексеру ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексеру болып табылады.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлға- лардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді таға- йындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.

  1. Тексерулер көлемі бойынша мыналарға бөлінеді:

  1. кешенді;

  2. тақырыптық.

Кешенді тексеру тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін Кәсіпкерлік Ко- декстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнама- сымен белгіленген талаптары сақталуының кешенді мәселелері бойынша тексеру болып табылады.
Тақырыптық тексеру тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін Кәсіпкерлік Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптары сақталуының жекелеген мәселелері бойынша тек- серу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет