Камералдықсалықбақылауы Заңды және жеке тұлғалар ҚР Салық кодексімен айқындалатын мерзімдерде және талаптарда салық есебін ұсынады. Салық төлеуші салық есебін ұсынғаннан кейін, мемлекеттік кіріс органдары салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің келіп түсуінің толықтығын және уақытылығын қамтамасыз ету үшін камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Камералдық бақылау– салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын бақылау. Камералдық бақы- лаудың мақсаты - салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық органдарында тіркеу есебіне қою және (неме- се) осы Кодекстің 587-бабына сәйкес салық есептілігін ұсыну және (немесе) са- лық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу арқылы салық төлеушіге дербес жоюға құқық беру. Камералдық бақылау процесі қолмен және автоматтандырылған тәсілмен орындалуы мүмкін. Салық есебін электронды түрде ұсыну автоматтандырылған камералдық бақылауды іске қосу кезінде салық төлеу- ші ұсынған мәліметтер бойынша деректерді барынша нақты және жеке-жеке салы- стыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттіксанитариялық-эпидемиологиялықбақылаужәнеқадағалау Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламат- тылығы саласындағы заңнамасын бұзуды ескерту, анықтау, жолын кесуге, сон- дай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортасы мен өнімдердің қауіпсіздігін, процестерді, көрсетілетін қызметтерді қорғау мақса- тындағы гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің сақталуын қадағалауға бағытталған.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объек- тілері болып жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар, құрылыстар, өнімдер, жаб- дықтар, көлік құралдары, топырақ, су, ауа, азық-түлік және қызметі, пайдалануы, қолдануы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін басқа да объек- тілер жатады.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объек- тілері (эпидемиялық маңызды объектілер) екі топқа бөлінеді:
Эпидемиялық маңызы жоғары объектілер;
Эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілер.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылауға жа- татын өнімдер мен эпидемиялық маңызды объектілердің тізбесін халықтың сани- тарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган кәсіп- керлік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша олардың құзыреті шегінде бекітеді.
Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және бақылау тек- серіс және алдын ала бақылау және қадағалау түрiнде жүзеге асырылады.
Субъектіге (объектіге) барумен тексеру және алдын алу бақылауы мен қадаға- лау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жоғары эпидемиологиялық маңызды объектілерге қатысты тексерістер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, қауіп-қатерді бағалау
жүйесіне негізделген, кезеңмен ерекше тәртіпте жүзеге асырылады.
Жоғары эпидемиологиялық маңызды объектілер халықтың санитарлық-эпи- демиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен анықталған, тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексе- рулерден босатылады.