Тексерудіжүргізумерзімдері(148-бап) Тексеруді жүргізу мерзімі алда тұрған жұмыстардың көлемін, сондай-ақ алға қойылған міндеттерді ескере отырып белгіленеді және микрокәсіпкерлік субъек-
тілері үшін – бес жұмыс күнінен, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сон- дай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын тексерілетін субъектілер үшін – отыз жұмыс күнінен аспауы тиіс. Бұл тізімге салалық ерекшеліктері ескеріле отырып, төменде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімдері белгіленген Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен көзделген салық тексерулерін жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайлар, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологи- ялық саламаттылығы саласында, ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында, құрылыс объектілерін- дегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында жүргізілетін тексерулер кірмейді:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексерулер – он бес жұмыс күніне дейін және он бес жұмыс күніне дейін ұзарты- латын;
ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұ- мыс күніне дейін ұзартылатын;
құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында олардың техни- калық күрделілігін ескере отырып.
Тексерунәтижелерінресімдеутәртібі(152-бап) Тексеру нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды тұлғасы екі данада тексеру нәтижелері туралы акт толтырады.
Тексерудiң нәтижелерi бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкiлдерi ескер- тулерді және (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде баяндайды.
Тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмей тексеру нәтижелерi туралы акт тексерiлетiн субъектiге тапсырылған күн тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп есептеледi.